"2022 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы" қаулы жобасына Баспасөз-релизі

«2022 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулы жобасына

 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108  «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.

Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2022 жылғы 15 қаңтардағы №5 «Актюбинский вестник» және 2022 жылғы 15 қаңтардағы №5 «Ақтөбе»  газеттерінде жарияланды.

Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2022 жылғы  1 ақпандағы №2 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қаулы жобасының ескертулеріне түзетулер енгізілді.

Қаулы жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 14  №01-2/94 ескертусіз қорытындысы алынды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2022 жылдың 14 қаңтарда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 28 қаңтарда аяқталды. Онлайн-талқылау 2022 жылдың 1 ақпанында аяқталды. Есептемені қарау 46 бірлік, 2 пікірдің ұсынысы ескерілді.

 

Басқарма басшысы                                                                    И.Еспағанбетов

 

Дата публикации
10 февраля 2022