Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 51 «Ақтөбе облысы бойынша 2021 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569 қаулысымен бекітілген нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 51 – тармағының талаптары ескеріле отырып, күші жойылғаны туралы актілердің деректемелері көрсетіле отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер жоқ.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға арналған субсидияны төлеу жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебі шегінде жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында 2021 жылдың 16 қараша орналастырылды, 2021 жылдың 18 қараша №133 «Актюбинский вестник» және 2021 жылдың 18 қараша №133 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2021 жылдың 8 желтоқсандағы № 45 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларының қаулы жобасының ескертулеріне дәлелді жауаптар берілді.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 15 қарашада № 01-2/09 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылдың 18 қарашада орналастырылды.
Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2021 жылдың 3 желтоқсанда аяқталды. Онлайн талқылау 2021 жылдың 18 қарашада аяқталды. Есептемені қарау 50 бірлік, оның ішінде 2 ұсыныс ескерілді.