3 тоқсан бойынша есеп

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) бүгінгі таңда Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласында 29 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Басқармамен 2021 жылғы 3-тоқсанында жалпы саны 5810 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл көрсетілген 5810 мемлекетік қызметтің 4885 қызметі жеке тұлғаларға, ал 925 қызметі заңды тұлғаларға көрсетілді. Оның ішінде: электрондық түрде – 5810 (Жеке тұлғалар – 4885, Заңды тұлғалар – 925).

Аталған кезеңде көрсетілген 5810 мемлекеттік қызметтердің ішінде электрондық түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету мөлшері 100 % (пайыз) құрап отыр.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің ішінде ағымдағы жылдың                   3-тоқсанында  мемлекеттік қызметті көрсетуден (оның ішінде: Жеке тұлғалар – 278, Заңды тұлғалар –74 ) бас тартылды. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар электрондық қызметтердің үлесіне жатады.

Дата публикации
03 декабря 2021