Қаулы жобасы 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы                     30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» Қағидаларының 14-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

          1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

          2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақтөбе облысының әкімі

 

                         О. Уразалин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақтөбе облысы әкімдігінің

қаулысына қосымша

 

2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі, субсидия нормалары және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға

 арналған бюджет қаражатының көлемі

 

№

Басым дақылдардың тізбесі

1 тоннаға арналған субсидияның нормасы, теңге

Бюджет қаражатының көлемі, теңге

1

Күнбағыс

15 000

320 000 000,00

2

Мақсары

15 000

3

Зығыр

15 000

Дата публикации
08 октября 2021