Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2021 жылғы 9 қаңтардағы №3 «Актюбинский вестник» және 2021 жылдың 9 қаңтардағы №3 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 9 ақпандағы № 3 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары қаулы жобасының ескертулерне түзетулер енгізілді.
Қаулы жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы 11 қаңтардағы №01-2/01 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2021 жылдың 6 қаңтарда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 21 қаңтарда аяқталды. Есептемені қарау 141 бірлік, пікірлер болған жоқ.