Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес іске асырылады.
Осы Қағидалар шеңберінде субсидиялау кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері (көрсетілетін қызметті алушылар) су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, қалған бөлігі су берушіге субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеудің барлық шарттары су беруші мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.