Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығына сәйкес Асыл тұқымды малдарды сатып алу кезіндегі төленетін субсидиялардың нормативтерін жоғарылатты. Атап айтқанда:
А)Ет және ет-сүт бағытындағы отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқа және аналық малды сатып алғаны үшін - 260 000 теңге
Ә) Ет және ет-сүт бағытындағы асыл тұқымды аналық малдарды шет елдерден сатып алу кезіндегі субсидия ТМД елдерінен – 390 000 теңге, Европа, Австралия, Америка елдерінен сатып алса – 525 000 теңге төленеді.
Б) Сүтті және сүтті-етті бағытындағы асыл тұқымды аналық малдарды сатып алғаны үшін субсидия көлемі – Отандық – 350 000 теңге, ТМД елдерінен – 390 000 теңге, Европа, Австралия, Америка елдерінен сатып алса – 700 000 теңге төленеді.
В) Асыл тұқымды қой басын сатып алу – Отандық – 26 000 теңге, шет елден сатып алынған аналық қойға – 52 000 теңге, шетелден сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық қошқарға – 260 000 теңге төленеді.
Г) Өнімділік бағытындағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу және асыл тұқымды тұқымдық түйе сатып алу кезінде – 175 000 теңге төленеді.