2025 жылдың 22 маусымында күшіне енген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес осы күнге дейін беріліп келген селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарға берілетін субсидиялардың барлық түрлері алынып тасталды. Есесіне төмендегідей бағыттар қосылды, Олар: 1. Ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың төлін өсіру шығындарын арзандату бойынша ет бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малы бар ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды куәлігі бар төлдерін келесі бір ауыл шаруашылық құрылымына сатқан әр бір төлге 15 000 теңге көлемінде субсидияға өтінім бере алады. 2. Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе ет өңдеу кәсіпорындарына өткізілген ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті бағыттағы еркек дарақтар) құнын арзандату бағыты бойынша төмендегідей өзгерістер енгізілді: Әр килограммына берілетін субсидияны 300 теңгеге өзгертті , салмағы 180кг-нан бастап 250 кг аралығында төленеді, жастары 8 ай мен 15 ай аралығындағы бұқашытарға өтінім бере алады. 3. Асыл тұқымды қойлардың төлін өсіру шығындарын арзандату бойынша асыл тұқымды қой малы бар ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды куәлігін бар төлдерін келесі бір ауыл шаруашылық құрылымына сатқан әр бір төлге 4 000 теңге көлемінде субсидияға өтінім бере алады. 4. Мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарының асыл тұқымды аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге 36 айдан асқан асыл тұқымды аналық биелерге – 20 000 теңгеге өтінім бере алады.