
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың қорытындысы бойынша
Ірі қара саны – 600,1 мың бас,(оның ішінде асыл тұқымды -92,3 мың бас)
Ұсақ қара малы–1 209,1 мың бас,(оның ішінде асыл тұқымды -145,2 мың бас)
Жылқы – 399,7 мың бас, (оның ішінде асыл тұқымды -17,6 мың бас)
Түйе – 24,0 мың басты құрады.
Өндірілген өнім көлемі ет 46,9 мың тонна, сүт 52,5 мың тонна, жұмыртқа 186,1 млн дана болды.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға» - 4,8 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өтінімдеріәне сәйкес бөлінген қаражат толық игерілді.
«СҚО тәжірибесі бойынша кредиттеуді тираждау» шеңберінде инвестиция көлемі 4,6 млрд теңге болатын «АЙС» ЖШС сүт-тауарлы фермасын 800 басқа кеңейту бойынша құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізді. Дания елінен 495 бас Голштин тұқымды құнажындарын сатып алды.
2026 жылға жоспар Ірі қара мал санын – 630 мың басқа, Ұсақ қара малын–1 254 мың басқа, Жылқы санын – 424 мың басқа дейін жеткізу жоспарлануда.
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға» - 4,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Мал шаруашылығы саласында бір қатар инвестициялық жобалар жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ 2026 жылы ірі 4 жобаны жүзеге асыру көзделген. Екінші деңгейлі банктер арқылы 1 жоба. «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 3 жоба.
Жеңілдетілген несиелеу шарттарын (Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде) ескере отырып, 2026 жылға «Ақтөбе» ӘКК-не 14 шаруашылықтан жалпы несиелеуге өтінімдер түсті.
Ол үшін Ақтөбе қаласындағы «Даму» кәсіпкерлерді қолдау орталығында орналасқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе филиалдарына жолығуыңыз керек. Несиені аудандардағы несие серіктестіктері арқылы да алуға болады. Несиелер 4,0-6,0 пайыздық сыйақы мөлшерлерімен 15 жылдық мерзімге дейін беріледі.