
Аты-жөні: Әбтиев Асылхан Сержанұлы
Туған күні: 18 қаңтар 1978жыл
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Білімі:
Еңбек жолын 2000 жылы «Мамыр» шаруа қожалығында агроном-есепші болып бастаған.
2001–2005 жылдары Ақтөбе облысының ішкі істер органдарында қызмет атқарды.
2005–2024 жылдары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында еңбек етіп, өсімдік шаруашылығы бөлімінің жетекші және бас маманы, бөлім басшысы, сондай-ақ басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2024–2025 жылдар аралығында Асылхан Әбтиев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясын басқарды. Сонымен қатар Алматы қалалық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Атырау облыстық аумақтық инспекциясында болды.