GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
Әлеуметтік жұмыстар
20 октября 2026
2026 жылы Ақтөбе қаласының әкімі және Астана ауданы әкімінің екінші жартыжылдығында тұрғындармен кездесулерді өткізу КЕСТЕСІ

2026 жылы Ақтөбе қаласының әкімі және Астана ауданы

әкімінің екінші жартыжылдығында тұрғындармен кездесулерді өткізу

КЕСТЕСІ

(әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциямен)

 

№

т/б

Т.А.Ә.

Лауазымы

Елді мекенінің атауы,

Орны

 

Кездесулерді өткізу күні

1.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Ғ.Жұбанова, Ә.Молдағұлова даңғылы, Тургенев көшесі, Тілеу батыр көшесі, Сәңкібай батыр даңғылы

Қалалық оқушылар сарайы, Әбілқайыр хан даңғылы, 50

10.11.2026ж.

сағ.  10.00

2.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

11 шағын аудан, 12 шағын аудан, Мәскеу ауданы

Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, 11 ш/а, 112Е

11.11.2026ж.

сағ.  10.00

3.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Тұрғынқалашық, Шанхай, Қызғалдақты

Қалалық Мәдениет Үйі, Жеңіс даңғылы,31

12.11.2026ж.

сағ.  10.00

4.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Сазды-1,2, Серпін, Бауырластар-1,2, Таңшолпан (Бауырластар-4), Байқадам (Бауырластар-3), Көкжиде (Бауырластар-5), Думан, Парасат тұрғын алаптары

Сазды мәдениет Үйі, Сазды т/а, Өнеге-3 Б

13.11.2026ж.

сағ.  10.00.

5.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Авиатор, Юнис сити, Әуеқалашық, Болашақ,

Самал т/а

№72 орта мектебі, Бөкенбай батыр көш.,46

17.11.2026ж.

сағ.  10.00

6.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Құрашасай, Қанағат т/а

№77 орта  мектебі, Құрашасай т/а, № 453Б уч

18.11.2026ж.

сағ.  10.00

7.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Жаңақоныс, Жаңақоныс-2, Сұлутөр (Жаңақоныс-3), Жаңақоныс-4, Арман (Жаңақоныс-5) тұрғын алаптары

Мәдениет Үйі, Жаңақоныс т/а, Үшқоңыр көшесі, Б орамы, 54

19.11.2026ж.

сағ.  10.00

8.     

Б.Т.Кырыкбаев

Астана ауданының әкімі

Оңтүстік Батыс-1,2 т/а

Келешек мектебі, Оңтүстік-Батыс-2 т/а, №386

20.11.2026ж.

сағ.  10.00

9.     

А.Б.Бекет

Б.Т.Кырыкбаев

Ақтөбе қаласының әкімі

Астана ауданының әкімі

Астана ауданының тұрғындары

Шығармашылық Академиясы, Алтын орда ш/а  (Батыс-2), 24Г

25.11.2026ж.

сағ.  10.00

 

Әлеуметтік жұмыстар
15 октября 2026
ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІПКЕРЛЕР СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: КӘСІПКЕРЛЕР СЕНБІЛІККЕ ҚАТЫСТЫ. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана ауданының кәсіпкерлік субъектілері сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, аумақтарды абаттандыру және қала тазалығына үлес қосу.

Әлеуметтік жұмыстар
10 августа 2026
Зейнетақы жинақтарын тұрақты қалыптастырып жүрген қазақстандықтардың саны артып келеді

Қазақстанда азаматтардың болашақ зейнетақысына деген жауапкершілігі жылдан-жылға артып келеді. Көпшілік зейнетақы жинағын қартайған шақтағы тұрмыс деңгейіне ықпал ететін ұзақ мерзімді жеке қаржысы ретінде қабылдай бастады.

Мұны зейнетақы жинақтарының қарқынды өсуінен, халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кеңінен тартылуынан, жарналарды тұрақты төлейтін азаматтар санының артуынан және аударымдардың жүйелі жүргізілуінен байқауға болады. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 28,09 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 4,08 трлн теңгеге немесе 17%-ға өсті.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі – зейнетақы шоттары санының тұрақты артуы. 2026 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-да 18,78 млн зейнетақы шоты бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,11 млн-ға немесе 6,3%-ға көп.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында.

Ұйымдастыру және бақылау
17 июля 2026
2026 жылғы 17 шілдеде  сағат 15:00-де «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.   

2026 жылғы 17 шілдеде  сағат 15:00-де «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді7 Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Сәңкібай батыр даңғылы, 145 «Б»

Анықтама телефоны: 8 7132 417307

Әлеуметтік жұмыстар
10 июля 2026
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 62,71млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жалпы сомасы 62,71 млн АҚШ долларын құрайтын 333 809 өтініш қаражат иелерінің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға жіберілді.

Орындалған өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты. Осы бағытта 216 060 өтініш бойынша 41,01 млн АҚШ долларынан астам қаражат аударылды. Ал білім алу ақысын төлеуге 117 749 өтініш орындалып, оған 21,69 млн АҚШ доллары жұмсалды.

 

Еске салайық, нысаналы жинақтардың (НЖ) алушысы өзіне тиесілі қаражатты толық немесе ішінара пайдалана алады. Пайдаланылмаған сома 10 жыл бойы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады. Осы мерзім ішінде игерілмеген қаражат кейін алушының ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударылады.

18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы мәліметті ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері баланың ЖСН-ін енгізу арқылы kids.enpf.kz сайтынан, eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен, сондай-ақ eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларынан тексере алады.

 

Егер 2025 жылғы есептеулер бойынша баланың нысаналы талаптары көрсетілмесе, мобильді қосымшадағы құжаттарды жаңарту қажет.

eGov Mobile қосымшасында:

«Цифрлық құжаттар» → «Отбасы» → «Құжаттар тізімін жаңарту» → «Ұлттық қордан есептелген қаражат».

Kaspi.kz сияқты екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында:

«Мемлекеттік қызметтер» → «Барлық құжаттар» → «Құжаттар тізімін жаңарту» → «Ұлттық қордан есептелген қаражат».

Бағдарламаның шарттары, қаражатты пайдалану тәртібі, пайдалы нұсқаулықтар мен жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар kids.enpf.kz сайтында қолжетімді. Сондай-ақ тақырыпқа қатысты бейнетүсіндірмелер мен пайдалы кеңестерді БЖЗҚ  YouTube арнасынан көре аласыз.

Әлеуметтік жұмыстар
02 июля 2026
«Астана» ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

«Астана» ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа «Астана» ауданы әкімінің орынбасары Б.Талғатұлы төрағалық етті.

Жиын барысында 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысы қаралды. Сонымен қатар, құқық бұзушылыққа жол берген оқушылар, студенттер және олардың ата-аналарымен жүргізілген жұмыстар талқыланып, алдын алу шараларын күшейту мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ, Ақтөбе автожол колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспар таныстырылды. Отырыс соңында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, жасөспірімдердің құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

Әлеуметтік жұмыстар
16 июня 2026
БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ, [10 июн. 2026 в 17:22] «Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

БЖЗҚ АҚ | АО ЕНПФ, [10 июн. 2026 в 17:22]
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады

Бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды.

Олардың ішінде:

- тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды;

- білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.

Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады https://t.me/enpfkz/3833

Әлеуметтік жұмыстар
16 июня 2026
Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.

Өткен бес жарым жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеуге 5,8 трлн теңгеден астам зейнетақы жинағы пайдаланылды.
Оның ішінде ең көп қаражат 2021 жылы алынды – шамамен 2,6 трлн теңге. 2022-2023 жылдары үрдіс төмендегенімен, соңғы жылдары жинақтарды алу көлемі қайта артып, 2025 жылы 1 трлн теңгеден асты.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету, «мақсатымыз – бүкіл жинақты қазір үлестіріп, азаматтарды қарттық шағында лайықты зейнетақысыз қалдыру емес» екенін қадап айтқан болатын.
Осы жылдары алынған қаражат көлемі азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету сияқты тікелей міндетті шешуге бағытталған сомадан айтарлықтай асып түсті. Тіпті Қордан алынған қаражат көлемі кейбір жылдары түскен жарналардан да асып кетті.
Сондай-ақ жинақтарды шығару олардан алынбай қалған инвестициялық кірістің өсуіне әкеп соғады. Ұзақ мерзімді перспективада бұл зейнеткерлік жастағы жинақтардың айтарлықтай азаюына себеп болады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарындағы жинақталған инвестициялық кірістің үлесі өсіп келеді және қазір шамамен 40%-ды құрайды, ал халықаралық тәжірибеде бұл көрсеткіш әдетте 80%-дан асады.
Дамыған елдерде зейнетақы активтері инвестиция көзі және экономиканың тұрақты өсімінің негізі болып саналады. Озық елдерде жинақталған зейнетақы активтері ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 100%-ынан асады, ал Қазақстанда қазір зейнетақы активтері әлі де ІЖӨ-нің шамамен 16%-ын ғана құрап отыр.
Әлемде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты міндеті – болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету. Сол себепті азаматтардың болашақ зейнетақысының лайықты болуы үшін зейнетақы жинақтарын сақтау және оларды Қазақстандағы және халықаралық нарықтардағы ұзақ мерзімді инвестициялау есебінен одан ары арттыру маңызды.

Ұйымдастыру және бақылау
16 июня 2026
«Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
 
«Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы 22 маусым - 22 шілде айларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Астана ауданы әкімінің аппаратының бас маманы Ізтілеу Асемай Жамбылқызына келесі телефон нөміріне  хабарласуға болады: 📞 8  (71342) 41-73-07. 
Әлеуметтік жұмыстар
01 июня 2026
1 маусым-Халықаралық балалар күніне орай Астана ауданының әкімі Б.Қырықбаев ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың үйлеріне барып,мерекемен құттықтады.

Астана ауданының әкімі ұйымдастыруымен 1 маусым-Халықаралық балалар күніне орай Астана ауданының әкімі Б.Қырықбаев ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың үйлеріне барып,мерекемен құттықтады.Кездесу барысында аналарға гүл шоқтарын табыстап, балаларға бағалы сыйлықтар сыйлап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы