«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ           жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама

 

Ақтөбе қаласы                                                                    30 қараша  2022 жыл     

 2022 жылғы 30 қарашадағы «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аудан әкімінің №83 өкіміне сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау 2022 жылдың шілде айынан  – 2022 жылғы 30 қарашаға дейін жұмыс кезеңін қамтиды.

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                        19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Әкімдік қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

  Өз қызметінде әкімдік:

  • Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызметі»  туралы  Қазақстан

Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

  • «Қазақстан  Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару және

өзін-өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                23 қаңтардағы №148 Заңы;

  • «Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау  тәртібі»  туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

  • «Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы                    

4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі);

    - «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасының                     2015 жылғы 4 желтоқсанындағы  №434V Заңы;

 

 

 

  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

       «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ             штат саны - 22 бірлік.

       Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

       Аудан          әкімінің 18.07.2022 жылғы №89 өкіміне сәйкес, Туребаева Асель Айсултановна 2022 жылдың 18 шілдесінен 225 жылғы 11 мамыры аралығында бала күтіміне байланысты демалыс берілді.

       Аудан әкімінің 21.07.2022 жылғы №94 өкіміне сәйкес, Жүсіпұлы Еркінбай «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік сала бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде) болып тағайндалды.

       Аудан әкімінің 26.07.2022 жылғы №99 өкіміне сәйкес, Бактиярова Гульжан Сейлхановна тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, аудан әкімінің көмекшісі болып тағайындалды.

       Аудан әкімінің 01.08.2022 жылғы №105 өкіміне сәйкес, Барбусинова Айна Избасаровна «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

       Аудан әкімінің 31.08.2022 жылғы №126 өкіміне сәйкес Уразаева Мадыня Узакбаевна «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы лауазымынан зейнеткерлік жасқа толуына байланысты босатылды.

       Аудан әкімінің 28.09.2022 жылғы №143 өкіміне сәйкес Кутынова Зинегул Жубаназаровна «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болып ауысу тәртібімен тағайындалды.

       Аудан әкімінің 30.09.2022 жылғы №146 өкіміне сәйкес 2022 жылдың               3 қазанынан бастап Бактиярова Гульжан Сейлхановна «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ аудан әкімінің көмекшісі лауазымынан зейнеткерлік жасқа толуына байланысты босатылды.

       Аудан әкімінің 30.09.2022 жылғы №148 өкіміне сәйкес 2022 жылдың             3 қазанынан бастап Дюсембин Нуржан Нурланович аудан әкімінің көмекшісі болып тағайындалды.

       Аудан әкімінің 14.11.2022 жылғы №169 өкіміне сәйкес Кутынова Зинегул Жубаназаровна «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы лауазымынан босатылып, әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.

       Аудан әкімінің 29.11.2022 жылғы №174 өкіміне сәйкес Шабенова Карылгаш Аккажиевна «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы лауазыманан босатылып, әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болып ауысу тәртібімен тағайындалды.

       Аудан әкімінің 30.11.2022 жылғы №175 өкіміне сәйкес Нұрқан Досымжан Мұратұлы        Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезіне) лауазымынан босатылып, осы бөлімнің бас маманы болып ауысу тәртібімен тағайындалды.

 

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

           Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         

         3) «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру фунцияларын атқармайды;

        

       4) Бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жарияланымдар жоқ;

       Бұқаралық ақпарат құралдарына  хабарландырулар, ақпараттық мәліметтер мен аудан әкімінің есебі және атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер жарияланды.

       Аудан әкімдігі «Instagram» және «Facebook» әлеуметтік желілеріне арнайы аудан әкімдігінің парақшасы тіркелген, жұмыс жасауда. Күнделікті ақпараттық хабарламалар, аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі, атқарылған жұмыстар туралы есептер жарияланған.

         Сұрақтарға жауапты тұлғалармен дәлелді негізде уақытылы  жауап берілді.

 

         5) «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

         Мониторинг кезеңінің аралығында заңды және жеке тұлғалардан барлығы  159 өтініш түсіп, тіркелді. Оның ішінде: заңды тұлғалардан - 28, жеке тұлғалар - 131, әкімнің жеке қабылдауында - 43 адам болды.    Қанағаттандырылды – 25 өтініш, түсіндірілді – 72 өтініш, басқа мекемеге жіберілді-62 өтініш.

         Барлық өтініштер мерзімінде қаралып, мерзімі өткен өтініштер анықталмады.

 

         6) Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері нәтижесі:

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2022 жылға арналған тізбесіне сәйкес «Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ бойынша Ақтөбе қаласының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Тексеру комиссиясының аудиторлық есебі ұсынылды. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасында көрсетілген талаптар, толығымен орындалды.

 

Қорытынды

          «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ  қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүгізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

Жұмыс тобының басшысы:

Аязбаев Абылайхан Ербулатович

 

                       Аппарат басшысы  

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Молдаулетова

Шынкумис Алиевна

 

Сермагамбетова

Айбала Опатаевна

 

Альбетов Жанторе Жанабергенович

 

Махмутова                                 

Акгуль Мараткызы

  

                  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің      

                  басшысы

 

                  кәсіпкерлікті дамыту және ауыл

                  шаруашылығы бөлімінің басшысы

 

                  әкімшілік-қаржы бөлімінің

                  басшысы

 

                   ұйымдастыру-бақылау бөлімінің

                   бас маманы

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
01 декабря 2022