«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама
Ақтөбе қаласы 9 маусым 2020 жыл
2020 жылғы 5 маусымдағы №74 «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аудан әкімінің өкіміне сәйкес, 2020 жылдың мамыр күндері аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан - 5 маусымға дейін жұмыс кезеңін қамтиды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Бөлім өз қызметінде:
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;
өзін-өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;
4 желтоқсандағы N 95-IV Кодексі);
- «Мемлекеттік сатып алу» туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434V Заңы;
1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:
«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ штат саны - 26 бірлік.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.
2020 жылғы 3 наурыздан бастап М.М.Турганбаев тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезінде) лауазымынан басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты аудан әкімінің 03.03.2020 жылғы №30 өкімімен жұмыстан босатылған.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу
Бөлімде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ заңының 15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3) «Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру фунцияларын атқармайды;
4) Бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жарияланымдар жоқ;
5)«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ
келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Мониторинг кезеңінің аралығында заңды және жеке тұлғалардан барлығы 60 өтініш түсіп, тіркелді. Оның ішінде: заңды тұлғалардан - 11, жеке тұлғалар - 49, әкімнің жеке қабылдауында - 8 адам болды.
Барлық өтініштер уақытылы қаралып, мерзімдері бұзылған, немесе кешіктірілген өтініштер анықталған жоқ.
6) Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері нәтижесі:
1) Мемлекеттік қызмет өткерудуің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына және Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №1513-20-5-21/934 жеке ұйғарымына сәйкес қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармағаны үшін аудан әкімінің 2020 жылғы 20 ақпанындағы №26 өкіміміен ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Шынкумис Алиевна Молдаулетоваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза берілді.
2) Мемлекеттік қызмет өткерудуің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына және Алматы ауданының прокуратурасының 2020 жылғы 20 ақпандағы №2-03-20-00896 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуына сәйкес қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармағаны үшін аудан әкімінің 2020 жылғы 10 наурыздағы №39 өкіміміен ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Зинегул Жубаназаровна Кутыноваға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза берілді.
Қорытынды
«Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүгізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Жұмыс тобының басшысы:
|
Шілманов Сейтмагамбет Куандыкович |
|
Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің орыннбасары
|
|
Жұмыс тобының мүшелері:
|
||
|
Кутынова Зинегүл Жұбаназарқызы Уразаева Мадыня Узакбайқызы
Махмутова Акгуль Мараткызы |
|
ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы
ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы |