
Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы және елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп- ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
Балалар ойын алаңдары бойынша, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында «Астана» ауданында 9 балалар ойын алаңдары орнатылатын болады.
Жаңақоныс тұрғын алабында орналасқан ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі (Жобалық құны-8.334.109 тг), Жастар 1 (Жобалық құны-1.839.635 тг), Жастар 2(Жобалық құны-1.839.635 тг), Жастар 3 (Жобалық құны-1.839.635 тг) шағын аудандарында және Советская №3 мекен жайында (Жобалық құны-1.385.815 тг) жаңадан балалар алаңдары орнатылатын болады.
2020 жылы 72 балалар ойын алаңдары орнатылды, 2021 жылы 67 балалар ойын алаңдары орнатылатын болады.
"Шестихатка" тұрғын алабында 450 адам тұратын 87 үй бар. Иесіз электр беру желілерінің ұзындығы 3073 м құрайды, тіреулер саны 148. Қалалық «ТКШ, ЖК және АЖ» бөлімімен баған тіректері қондырылды, электр сымдарын тарту жұмыстары жүргізіледі. Қосымша бағаналар орнату жоспарлаунда. Электр желісінен ақау пайда болған жағдайда «Энергосистема» ЖШС-мен қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Жаңақоныс т.а. Шестихатка елді мекенінің Үш Қоңыр көшесінен Абай көшесі бойымен Едіге батыр көшесіне дейін автомобиль жолын салуға ЖСҚ дайындалуда. Қоғамдық тыңдалым 2020 жылдың желтоқсан айында өтті. 2021 жылға ҚМЖ жоспарланып отыр. Автомобиль жолы салынғаннан кейін қоғамдық автокөлік «Шестихатка», «В» кварталы және «Бірлік» тұрғын массиві арқылы өтуге ұсыныс беріледі.