GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
22 октября 2026
Асхат Шахаров ақтөбелік креаторларды марапаттады

Естеріңізде болса, Астанада 10-11 қазан күндері Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Aqtobe Creative Days көрме-жәрмеңкесі өткен еді. Екі күндік шарада Ақтөбе өңірінің ұлттық өнері, қолөнері, сәні, әдебиеті, музыкасы, театры және заманауи креативті индустрия бағыттары таныстырылды.

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров көрме-жәрмеңке қатысушыларын қабылдап, оларға алғысын білдірді.

Өз сөзінде аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткенін тілге тиек етті. Креативті индустрияның өңірдің мәдени мұрасын танытуға, шығармашылық кәсіпкерлердің өнімдерін нарыққа шығаруға және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

«Өңір креаторлары 22 бағыт бойынша өз өнімдерін ұсынды. IT-технологиялар мен цифрлық жобалардан бастап, әдебиет, театр, анимация мен концерттік бағдарламаларға дейінгі өнердің сан қырын көрсетті. Aqtobe Design сән кеңістігінде жеті дизайнердің ұлттық нақыш пен заманауи сән үрдістерін ұштастырған топтамалары, сонымен қатар Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған арнайы көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнім сатылып, екі күнде шараға 9 500 адам барды. Бұл – өңір креаторларының бәсекеге қабілеттілігінің, өнімдерінің сұранысқа ие екендігінің және Ақтөбе креативті индустриясының зор әлеуетінің айқын айғағы», – деді Асхат Шахаров.

Кездесу барысында Ақтөбе облысындағы Креативті қор өкілі Әсел Бөлекова мен ҚР Шеберлер одағының мүшесі, аспап жасау шебері, ұста әрі зергер Ерқосай Әбілов те сөз сөйледі. Олар креативті бастамаларды қолдау мен ұлттық қолөнер дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Шара соңында көрме-жәрмеңкенің қатысушылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Асхат Шахаров басқосуды қорытындылай келе, шығармашылық мамандарды қолдау және өңірдің креативті әлеуетін дамыту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын алға тартты.

21 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!

2026 жылғы 10 қараша күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Азаматтарды қабылдау орталығында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Медет Жұмабайұлы азаматтарды қабылдайды.

Қабылдау барысында мәдениет, архивтер және құжаттама салаларына қатысты өтініштер, ұсыныстар мен сұрақтар қаралады.

19 октября 2026
Ақтөбе өңірінде Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

 

Республика күні қарсаңында Ақтөбе өңірінде 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні  тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Ақтөбе өңірінде «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі

«Republic Day»

Атауы                                                        Мекенжайы

«Keruen City»     ОСО                 Ақтөбе қаласы, Мәметова көшесі, 4.          

«City Shopping Center»  СО       Ақтөбе қаласы, 12-шағын аудан, 21Л.                 

«Нұрдәулет» сауда үйі              Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 46.

«Мега Шығыс»   СО                    Ақтөбе қаласы, Қонаев көшесі, 208.           

«Аққу» сауда үйі                          Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі 9.

«Aktobe Mall» ОСО               Ақтөбе қаласы, Санкибай батыр көшесі, 24Б.          

«Сити» сауда үйі                      Ақтөбе қаласы,  Нұр Ақтөбе тұрғын алабы , 15.

«Айман» сауда үйі                   Ақтөбе қаласы, 2-шағын аудан, 6В.                                 

«Керемет» сауда үйі               Ақтөбе қаласы, Нокин көшесі, 40.

«Лиза» сауда үйі                      Ақтөбе қаласы, Мичуринец көшесі, 11.

«Bereke Fest»

Атауы                                                        Мекенжайы

«Анвар» сауда желісі                         Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 80, 49/1.

«Дина» сауда желісі                            Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 13Б.

«Назран» сауда үйі                              Алға қаласы, 5-шағын аудан.

«Стамбул» дүкені                                Алға қаласы, Мұханбетова көшесі, 28А.

«Мегапланета» дүкені                       Бадамша ауылы, Есет батыр көшесі, 991.

«Ар-Амир» дүкені                                 Темір қаласы, Байғанин көшесі, 23А.

«Стамбул» дүкені                                  Темір қаласы, Байғанин көшесі, 16В.

«Дина» сауда желісі                               Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 14Б.

«МАДИ» дүкені                                     Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112Б.

«Алим» дүкені                                        Ақтөбе қаласы, 11-шағын аудан, 112В.

«Жаксылык» дүкені                              Ақтөбе қаласы, Аз-Наурыз көшесі, 31А.

16 октября 2026
Ақтөбеде ақын, сазгер Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсіні ашылды

Ақтөбеде қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсіні ашылды. Тағылымды шара облыстық халық шығармашылығы орталығының алаңында өтіп, халқына мол рухани мұра қалдырған өнер иесінің есімін ұлықтауға арналды.

Ескерткіш-мүсіннің ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Бәкір Тәжібаевтың ұлы Жасұлан Тәжібаев, туыстары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Ескерткіш-мүсінді ашу рәсімі Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров пен ақынның туысы Ақан Төлеуовке ұсынылды. Салтанатты рәсім барысында Бәкір Тәжібаевтың әндері орындалып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Шарада облыс әкімі Асхат Шахаров ақынның шығармашылық мұрасын сақтау мен дәріптеудің маңызын атап өтті.

«Бұл ескерткіш-мүсін – ел тарихында өзіндік қолтаңбасы бар тұлғаның рухына тағзым етіп, оның шығармашылық мұрасын кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында орнатылған.

Бәкір ағамыздың өмірі мен шығармашылығы Ақтөбе өңірімен біте қайнасып жатыр. Ол туған жерінің табиғатын, ел тұрмысын, адам жан дүниесін шығармаларына арқау етті. Ақынның сырлы жырлары мен әсем әндері бүгінде халқымыздың рухани қазынасына айналды.

Бүгінгі ескерткіш-бюсттің дәл осы жерде орнатылуының да өзіндік мәні бар. Бұл ғимарат – халық шығармашылығын насихаттайтын рухани ордалардың бірі. Мұнда келген әрбір жан Бәкір ағамыздың бейнесіне тағзым етіп, оның өнері мен өнегесінен рухани нәр алады деп сенемін», – деп атап өтті Асхат Шахаров.

Бәкір Тәжібаев – қазақ поэзиясы мен ән өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған көрнекті қаламгер. Оның шығармалары туған жерге сүйіспеншілікті, адамгершілікті, махаббат пен сағынышты арқау етіп, халықтың рухани өмірінен берік орын алды. Ақынның сөзіне жазылған әндер бірнеше буынның жадында сақталып, қазақ музыкасының асыл мұрасына айналды.

Жаңа ескерткіш-мүсіннің авторы – мүсінші, монументалды өнер шебері Болатбек Салаев.

16 октября 2026
Өңір басшысы Бәкір Тәжібаевтың ұрпақтарына құрмет көрсетті

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады.

Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық шығармалары кейінгі ұрпаққа үлгі болып, ұлттық өнердің дамуына қызмет ете беретінін жеткізді.

Өз кезегінде қонақтар ғасыр той иесінің мұрасын құрметтеу және оның шығармашылығын насихаттауға көрсетіліп отырған қолдаудың маңызын сөз етіп, алғыстарын білдірді.

Шара соңында аймақ басшысы Бәкір Тәжібаевтың есімін ұлықтауға үлес қосып жүрген ақын, композитор, әнші Орал-Қосай Бәйсеңгірді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Айтып өтейік, мерейтой аясында облыста бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Соның бірі – Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсінінің орнатылуы. Сонымен қатар, ақынның шығармашылық мұрасына арналған «Ақбұлақ аға» кітабының тұсаукесері өтіп, спектакль-элегия және «Сөз бен саздың саңлағы» атты концерттік бағдарлама қала қонақтары мен тұрғындарының назарына ұсынылады.

12 октября 2026
Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды.

Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды. Көпшілік дизайнерлік киімдер, әшекейлер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен киізден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен кәдесыйларды сатып алды.

Мәдени бағдарлама аясында «Aqtobe Design» сән көрсетілімі, «Алақай» қуыршақ театрының «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымы, Ақтөбе туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші, «SherTer» және «Жеребе life» жобаларының концерттері өтті.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің өнер жолы мен халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Book Market кітап алаңында ақтөбелік қаламгерлердің шығармалары таныстырылды. Бұдан бөлек, зергерлік өнер, киіз басу, тері және ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі күнде жәрмеңкеге 9 500 адам барды, жалпы 23 млн 850 мың теңгеге өнім сатылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды қолдауды, отандық брендтерді танытуды және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

12 октября 2026
Астанада Мәдениет және ақпарат министріне Ақтөбе облысының креативті жобалары таныстырылды

 

Елордада Aqtobe Creative Days көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге жоспарланған көрме-жәрмеңке аясында қолөнер, сән, бейнелеу өнері, музыка, әдебиет, театр және IT бағыттары қамтылған. Бағдарламада шеберлік сабақтары, сән көрсетілімі, музыкалық қойылымдар мен шығармашылық жобалардың таныстырылымдары бар.

Мәдени шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысып, өңір креаторларының авторлық өнімдері, ұлттық қолөнер туындылары, жергілікті брендтер және шығармашылық жобалармен кеңінен танысты.

Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған көрмеде Ақтөбе облысының 100-ден астам креаторы 30-ға жуық бағыт бойынша өз өнімдерін ұсынуда. Қатысушылар қатарында 40-тан астам қолөнер шебері, 10-ға жуық дизайнер мен суретші, облыстық мәдениет және өнер мекемелерінің шығармашылық ұжымдары, Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты курсанттары мен IT мамандары бар.

Облыс әкімі креативті индустрияның өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және Ақтөбенің туристік-мәдени әлеуетін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Креативті индустрия – экономиканы әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірдің туристік-мәдени әлеуетін арттырудың маңызды тетігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл бағытқа жүйелі қолдау көрсету – уақыт талабы.
Бүгінде Ақтөбе облысында да креативті индустрияны дамытуға, жергілікті шығармашыл азаматтардың әлеуетін ашуға және ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеуге басымдық беріліп келеді. Aqtobe Creative Days көрме-жәрмеңкесі – өңіріміздің мәдени және шығармашылық мүмкіндіктерін кеңінен таныстырып, отандық креативті өнімдерді жаңа аудиторияға ұсынуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.
Біздің мақсатымыз – талантты азаматтарға өз жобаларын жүзеге асыруға жағдай жасау, жергілікті брендтерді дамыту және Ақтөбенің шығармашылық әлеуетін ел көлемінде таныту. Осындай бастамалар өңірлер арасындағы тәжірибе алмасуға жол ашып, креативті индустрияның экономиканың дербес әрі бәсекеге қабілетті саласына айналуына ықпал етеді», – деді аймақ басшысы Асхат Шахаров.

Aqtobe Creative Days өңір креаторларының авторлық өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға, жергілікті брендтердің танымалдығын арттыруға және креативті индустрия өкілдері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.

Астана қаласындағы Жошы хан көшесі, 16/2 мекенжайында орналасқан «Qazaq Creative Hub» алаңында өтіп жатқан іс-шара ертең, 11 қазан күні де жалғасын табады.

08 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ!

2026 жылғы 12 қазан күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, сондай-ақ 22 қазан күні сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін Азаматтарды қабылдау орталығында Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Медет Жұмабайұлы азаматтарды қабылдайды.

 

Қабылдау барысында мәдениет, архивтер және құжаттама салаларына қатысты өтініштер, ұсыныстар мен сұрақтар қаралады.

 

Театр және концерттік ұйымдар
Кітапхана
08 октября 2026
Ақтөбеде Мәди Айымбетовтің 80 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

 

Ақтөбеде Мәди Айымбетовтің 80 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

Ақтөбеде жазушы, журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мәди Айымбетовтің 80 жылдығына арналған «Ұлт болмысы – әдебиет айнасы» шығармашылық кеші өтті.

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен шарада қаламгердің қазақ әдебиеті мен журналистикасына қосқан үлесі, шығармашылық жолы және ұлттық құндылықтарды арқау еткен туындылары кеңінен сөз болды.

Кештің басты жаңалығы – Мәди Айымбетовтің жаңа «Құлан-елес» кітабының тұсаукесері. Жинаққа жазушының әңгімелері мен эсселері топтастырылған.

Мерейтой иесінің шығармашылығында туған жер, ауыл өмірі, адам болмысы мен ұлттық мінез тақырыптары айрықша орын алады. Қаламгердің «Тәтті мұң», «Дүние керуен», «Ол дәурен бір көрген түс» секілді шығармалары оқырманға кеңінен таныс. Бірқатар туындысы өзге тілдерге аударылған.

Шығармашылық кеш барысында белгілі қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері Мәди Айымбетовті 80 жас мерейтойымен құттықтап, оның әдебиет пен баспасөз саласындағы еңбегіне тоқталды.

Кеш қаламгермен шығармашылық сұхбат және «Ымырттағы жалғыздық» шығармасы негізінде дайындалған театрландырылған қойылыммен жалғасты.

01 октября 2026
1 қазан күні «Түркі халықтарының рухани мұрасы әлемдік өркениет аясында: «Қобыланды батыр» жыры атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Қазақтың батырлық эпосында ерекше орын алатын «Қобыланды батыр» жыры – ұлттық шеңберден шығып, жалпы түркілік эпикалық дәстүрмен тұтасып жатқан іргелі мұра. Ғасырлар бойы халық жадында сақталып, бірнеше нұсқада жеткен бұл туынды өз кезегінде көркемдік қуатымен ғана емес, тарихи-мәдени өміршеңдігімен де құнды.

Жиынның басты мақсаты – «Қобыланды батыр» жырын ЮНЕСКО көлемінде материалдық емес мәдени мұра тізіліміне енгізу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылау. Сонымен қатар фольклорлық мұраны сақтау, қазіргі заманғы мәдени кеңістікте жаңғырту және түркі халықтарының ортақ эпикалық мұрасындағы орнын айқындау мәселелері көтерілді.

Халықаралық деңгейде өткен ауқымды конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясынан келген жетекші эпостанушылар, фольклортанушылар, тілтанушылар мен әдебиеттанушы ғалымдар қатысып, өз зерттеулерімен бөлісті.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы