Меню

Страницы

Статья

Музей

Ақтөбе облысында 15 музей жұмыс жасайды. Оның ішінде: облыстық тарихи-өлкетану музейі, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейі, облыстық өнер музейі,  10 аудандық, 2 мемориалдық  кешен  және  4 бөлім қызмет көрсетеді.

Музей – тарихи-ғылыми дерек ретіндегі мұраларды, ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.Туған өлкенің тарихын, табиғатын, экономикасын, археологиясын, архитектуралық ескерткіштерін, этнографиясын тануда музейлердің алар орны бөлек. Облыстық және аудандықмузейлер қорындағы тарихи ескерткіштер мен жәдігерлер  өңірдің  мәдениеті мен дәстүрін насихаттай отырып, келешек ұрпақтың рухани дамуына ықпал етіп келеді.

Жыл сайын облыс музейлерінің қорлары құнды жәдігерлермен толығып отырады. Қазіргі таңда облысмузейлерінің қорларында 193 мыңнан астам экспонат бар.

Сонымен қатар, жыл сайын облыс музейлерінде атаулы даталарға байланысты көрмелер, экскурсиялар және 18 мамыр «Халықаралық музей күніне» орай ашық есік күндері өткізіліп келеді.

 

Дата публикации
18 ноября 2020
Дата обновления
18 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

24 февраля 2026
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Тізбе
22 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі
Тізбе
22 августа 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы