«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 344
«Ақтөбе облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»облыс әкімдігі қаулысының жобасына
БАСПА-РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актілердің кабылдау қажеттігінің негіздемесі- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 344 «Ақтөбе облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын бекіту» қаулысына мынадай өзгерістер енгізіледі.
Аталған қаулының ресми тілдегі 274 - қосымшасы осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндау және мемлекеттік тілдегі 238, 298, 302, 346 қосымшалары осы қаулының 2, 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияға өзгерту.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актілердің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2020 жылғы 11 қарашадағы №01-2/85 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2020 жылдың 3 қараша күні орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2020 жылдың18 қарашадааяқталды. Есептемені қарау 135, 3 пікірге жауап берілді.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-arhiv/сайтында жарияланды.
Басқарма басшысы А.Юнисова