Облыс бойынша барлығы 471 мәдениет мекемелері қызмет көрсетеді. Оның ішінде 193 мәдениет үйлері мен клубтары, 236 кітапхана, 19 музей, 13 архив, 2 театр, 1 филармония, 1 халық шығармашылығы орталығы, 1 тарихи - мәдени мұраны қорғау, зерттеу және қалпына келтіру орталығы, 2 мәдениет және демалыс орталығы және басқа да мәдениет мекемелері жұмыс халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
2019 жылы облыста 28500-ден астам мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, оған 4 млн. астам адам қамтылды.
Облыста мәдени брендке айналған халықаралық "Балауса" экспериментальды фестивалі, халықаралық "Қуыршақтар керуені" іссапарлары, "Жұбановтар әуені -2019" халықаралық ұлт аспаптары оркестрлер және ансамбльдер фестиваль - байқауы, "Бақытты бала" ашық балалар вокальді фестиваль - байқаулары жыл сайын өткізіліп тұрады.
"Театр - халықтың ұлы көші" халықтық театрлар фестивалі, "Ақтөбе жыр құшағында" Батыс Қазақстан аймақтық балалар поэзиясы байқауы, "Аймақты әнмен тербетіп" өнер мерекесі, "Бидің ханшайымы - Нұрсұлу" би байқауы, "Музейдегі түн" акциясы шаралары да дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.