Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 тамыздағы
№ 302 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 302 «Облыс әкімдігі жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
облыс әкімдігі жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
Жобаны ұсынушы:
«Ақтөбе облысының мәдениет,
архивтер және құжаттама
басқармасы» ММ басшысы А. Юнисова