2023 жылға арналған өңірдің мәдениет, өнер саласы бойынша АҚПАРАТ

Өңірдің мәдениетін, кәсіби өнерін, ұлттық тарихи мәдени мұрасын дамыту мен нығайтуда облыс тұрғындарына барлығы 480, оның ішінде 472 мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде. Олар: 236 кітапхана, 197 клубтық мекеме, 19 музей, 1 планетарий, 2 театр, филармония және тағы басқа мекемелер.
         Қазақстан  Республикасының  стратегиялық бағдарламаларын  іске асыру мақсатында  2023 жылы атаулы даталар мен мерейтойлар жоспарына сәйкес  ірі мәдени шаралар Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына, Әбілқайыр ханның 330 жылдығына,  Сырым Датұлының 300 жылдығына, Т.Жүргеновтің 125 жылдығына, Т.Ахтановтың 100 жылдығына, Ө.Канахиннің 100 жылдығына, Н.Тапалованың 100 жылдығына  арналып өткізілді.

 2023  жылдың 11 айдың есебі бойынша өңірімізде барлығы – 27533 шара өткізіліп, оған 2 408 141 көрермен  қамтылды.

Биыл халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Ахтановтың 100 жылдық мерейтойы ауқымды түрде аталып өтті. Жыл басынан бері Т.Ахтановтың 100 жылдығына орай «Боран» драмасы қойылып, «Театр - өнердің ұлы көші» республикалық халықтық театрлар фестивалі, «Тахауи Ахтанов алаңы» апталық театр форумы, Т.Ахтанов театрының тарихына арналған кітаптың  тұсаукесері  мен  музейдің  ашылуы, «Шырағы сөнбеген заңғар жазушы» гала – концерті өткізілді.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы халықаралық деңгейде аталып өткізіліп, «Балауса» халықаралық экспериментальді театрлар фестивалі, «Т.Жүргенов және түркі әлемінің рухани бірегейлігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Батыр, қолбасшы Әбілқайырханның 330 жылдығы аясында отандық ғалымдардың қатысуымен халықаралық  ғылыми конференция ұйымдастырылып, «Әбілқайыр хан» тұлғасын бейнелейтін қойылым  сахналанды.  Әйтеке би ауданында орналасқан «Хан  моласы» қорымында  ас беріліп, Орынбордағы Әбілқайыр ханның жары – Бопай ханымның  жерленген  жерінен  алынған топырағы Әбілқайыр бейітіне әкелінді.

 Облыста  Димаштың  ұстазы  М.Әйтімов атындағы  «Дауыс» республикалық вокалистер байқауы,  «Қобыланды деген ері бар...» республикалық жыршылар ­байқауы,  «Music Fest Open Air» ашық аспан астындағы музыка фестивалі,  Ұлттық домбыра күніне  орай 1000 домбырашының қатысуымен ауқымды шара ұйымдастырылса,  имидждік  шара «Бақытты бала» халықаралық V ашық балалар фестиваль-байқауы, Көкжар жәрмеңкесі аясында «Тары FEST» республикалық  этнофестивалі, «Әдебиет. Рух. Қоғам» әдеби форумы, «Жұбановтар  әуені-2023» халықаралық вокалистер фестиваль-байқауы, «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» республикалық айтысы, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Тарих және архив: тың деректер мен өзекті мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы,   Республика күніне орай салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.

«Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасына  сәйкес  облыста  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы базасында «Жастарды зияткерлік дамыту» орталығы ашылды. С.Бәйішев облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Maker space»      шығармашылық кеңістігі ашылды.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында Ақтөбе облысының мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, жаңғырту мен насихаттаудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. 

2023 жылы жол картасына 18 жоба жоспарланып, шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

2024  жылы  Қаныш Сәтбаевтың 125, Құдайберген Жұбановтың 125,  Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100, Бердібек Соқпақбаевтың 100,  Рәбиға Сыздықованың 100, Сара Мыңжасарованың 100 жылдықтарына арналып, облыс көлемінде 28 мыңға жуық  іс-шаралар өткізу, өңірде тарихи-мәдени мұраны сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында 2024 жылға «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында 14 жобаны іске асыру  жоспарланып отыр. Мәдениет саласында қолжетiмдiлiкті  іске асыру үшін құрылыс және жөндеу жұмыстары бойынша мәдениет нысандарының  тізімі  нақтылану үстінде.

 

 

В развитии и укреплении культуры, профессионального искусства, Национального исторического культурного наследия региона населению области оказывают услуги 480, в том числе 472 государственных организаций культуры. Это: 236 библиотек, 197 клубных учреждений, 19 музеев, 1 планетарий, 2 театра, филармония и другие учреждения. В целях реализации стратегических программ Республики Казахстан проводятся масштабные культурно-массовые мероприятия посвященные 800-летию Султана Бейбарыса, 330-летию Абилкайыр хана, 300-летию Сырыма Датулы, 125 Т.Жургенова, 100 Т.Ахтанова, 100 О.Канахина, 100 Н.Тапаловой. За 11 месяцев т.г. года в области проведено 27 533 мероприятий с охватом 2 408 141 зрителя. В этом году масштабно отметили 100-летний юбилей народного писателя, лауреата Государственной премии Т. Ахтанова. С начала года в честь 100-летия Т. Ахтанова была поставлена драма «Боран», проведен республиканский фестиваль народных театров «Театр – өнердің ұлы көші», театральный форум «Ахтанов алаңы», презентация книги, посвященной истории театра Т. Ахтанова, открытие музея, гала – концерт «Шырағы сөнбеген заңғар жазушы». 125-летие государственного и общественного деятеля Темирбека Жургенова отмечается на международном уровне. В честь юбилея прошел международный фестиваль экспериментальных спектаклей «Балауса», международная научно-практическая конференция «Т. Жургенов и духовная уникальность тюркского мира». В рамках 330-летия батыра, полководца Абилкаир хана была организована международная научная конференция с участием отечественных ученых и поставлена постановка «Әбілқайыр хан», отражающая личность батыра. В некрополе «Хан моласы» в Айтекебийском районе проведен обряд поклонения и дан поминальный обед (ас), вместе с тем, было возложена почва взятая с места захоронения Бопай-ханым специально доставленную из Оренбургской области Российской Федерации на могилу хана Абилкаира. В области проводились имиджевые мероприятия такие как республиканский конкурс вокалистов «Дауыс» Марата Айтимова имени учителя Димаша, республиканский конкурс жыршы «Қобыланды», музыкальный фестиваль под открытым небом «Music Fest Open Air», масштабное мероприятие с участием 1000 домбристов, приуроченное к Национальному дню домбры, V открытый детский фестиваль-конкурс «Бақытты бала», Республиканский этнофестиваль «Тары FEST», литературный форум «Әдебиет.Рух.Қоғам», Международный фестиваль-конкурс вокалистов «Жұбановтар әуені-2023», республиканский айтыс, республиканская научно-практическая конференция «Тарих және архив: тың деректер мен өзекті мәселелер» посвященной 100-летию со дня создания Государственного архива Актюбинской области, международная научно-практическая конференция «Халықтардың Ұлы қоныс аударуы қарсаңындағы далалық тайпалар», торжественное праздничное мероприятие посвященное Дню Республики. «В соответствии с концепцией развития креативных индустрий на 2021-2025 годы на базе в областной юношеской библиотеке им. С.Жиенбаева был открыт «Центр интеллектуального развития молодежи". В рамках проекта «Сакральная география Казахстана» утверждена дорожная карта по изучению, сохранению, модернизации и пропаганде культурного наследия Актюбинской области на 2023-2025 годы. В 2024 году планируется проведение 28 тыс. мероприятий в области, посвященных 125-летию Каныша Сатпаева, 125-летию Кудайбергена Жубанова, 100-летию Абдижамиля Нурпеисова, 100-летию Бердибека Сокпакбаева, 100-летию Рабиги Сыздыковой, 100-летию Сары Мынжасаровой, в целях сохранения, охраны и восстановления историко-культурного наследия в регионе на 2024 год запланировано 14 проектов в рамках проекта «Сакральная география Казахстана». Для реализации доступности в сфере культуры формируются перечень объектов культуры по строительным и ремонтным работам на следующий год.
Дата публикации
30 ноября 2023