«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау.
Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
1) Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
1) Өз құзыры мәселелері бойынша облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сәйкес бөлімдерімен өзара байланысты жүзеге асыру.
1) Жоғары органдардың қаулы, өкім, шешімдерін және басқарма басшысының бұйрықтарын орындауда бөлім жұмысына басшылық ету;
2) Уәкілетті органға және облыс әкімі аппаратына жетекшілік ететін облыстық мәдениет мекемелері мен бөлім жұмысының қызметі жөніндегі ақпараттар, жоспарлар, есептердің уақытында және сапалы тапсырылуын жүзеге асыру;
3) Мәдениет саласының мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру, жетекшілік ету;
4) Шығармашылық одақтарға басқа да қоғамдық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;
5) Халықтық кәсіп пен кәсіпшілікті дамыту, фольклорды, халықтық мерекелерді және жалпы халықтық мәдениет дәстүрлерін дамыту және сақтау;
6) Кітапхана саласындағы озық үлгідегі ақпараттық технологиялардың енгізілуіне ықпал жасау
7) Шығармашы әдебиетшілер кеңесімен, ақын-жазушылар және кітап сататын баспалармен жұмыс ұйымдастыру;
8) Облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық деңгейдегі, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұлттық, мемлекеттік мерекелерді және мерейтой шараларын дайындау және өткізуді үйлестіру;
9) Халық шығармашылығы байқаулары мен фестивальдерін ұйымдастыруға көмек көрсету;
10) Қандастар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру
11) Қазақстан халқы Ассамблеясының этнос аралық қатынастар бойынша жұмысты үйлестіру;
12) Мәдени ынтымақтастықты дамыту бойынша Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының шекаралас аудандарымен тиімді жұмысты ұйымдастыруды үйлестіру;
13) Облыстың шығармашылық өнерпаздары ұжымдарына «Халықтық» атағын беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
14) Басқарма бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы жұмысы орындалуын бақылау;
15) Облыста мемлекеттік шығармашылық тапсырысыты жүзеге асыру, тапсырысқа қатысушы өнімберушілермен жұмысты қамтамасыз ету, олардан ақпараттық портал арқылы келіп түскен өтінімдерін қабылдау, талаптарға сәйкестігін тексеру, ата-аналардан түсіп жатқан өтінімдерді бақылау, өнімберушілерден ай сайын есеп, электрондық табель қабылдау, тексеру, талдау, мониторинг жүргізу;
16) Ашық деректер ақпаратын Egov kz порталына енгізу;
17) Мәдениет басқармасының веб-сайтына өткізілген шаралар туралы ақпараттар енгізу, Басшы тақтайшасын жүргізу;
18) Әлеуметтік желіге келіп түскен сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру;
19) Басқарма және мәдениет мекемелерінде өткізілетін шараларға пресс релиз әзірлеу;
20) Мәдениет саласының цифрландыру жұмысына басшылық ету;
21) Мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша шараларды жүргізу;
22) Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары бойынша жұмыстарды үйлестіру;
23) Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру