«Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 306 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 306 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Ақтөбе облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7334 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және спорт министрлігі

 

Дата публикации
10 января 2023