«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

      «БЕКІТІЛДІ»

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және

 құжаттама басқармасы» ММ басшысының

бұйрығымен

2021 жылғы  «___» __________ № ______

                                                                  ________________А.Юнисова 

 

 

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

 

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

  1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және кітапхана жұмысы бөлімі   (бұдан әрі –  Құрылымдық бөлімше) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2.    Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3.   Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

     

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

         1) Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         1) Өз құзыры мәселелері бойынша облыстық мәдениет,  архивтер және құжаттама басқармасының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сәйкес бөлімдерімен өзара байланысты жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

          1) Жоғары органдардың қаулы, өкім, шешімдерін және басқарма басшысының  бұйрықтарын орындауда бөлім жұмысына басшылық ету;

         2)      Уәкілетті органға және облыс әкімі аппаратына жетекшілік ететін облыстық мәдениет мекемелері мен бөлім жұмысының қызметі жөніндегі ақпараттар, жоспарлар, есептердің уақытында және сапалы тапсырылуын жүзеге асыру;

         3) Мәдениет саласының мекемелері мен кәсіпорындарының жұмысын үйлестіру, жетекшілік ету;

         4) Шығармашылық одақтарға басқа да қоғамдық ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру;

         5) Халықтық кәсіп пен кәсіпшілікті дамыту, фольклорды, халықтық мерекелерді және жалпы халықтық мәдениет дәстүрлерін дамыту және сақтау;

         6) Кітапхана саласындағы озық үлгідегі ақпараттық технологиялардың енгізілуіне ықпал жасау

         7) Шығармашы әдебиетшілер кеңесімен, ақын-жазушылар және кітап сататын баспалармен жұмыс ұйымдастыру;

         8) Облыстық, өңірлік, республикалық, халықаралық деңгейдегі, мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұлттық, мемлекеттік мерекелерді және мерейтой шараларын дайындау және өткізуді үйлестіру;

         9) Халық шығармашылығы байқаулары мен фестивальдерін ұйымдастыруға көмек көрсету;

         10)  Қандастар мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру

         11) Қазақстан халқы Ассамблеясының этнос аралық  қатынастар бойынша жұмысты үйлестіру;

         12) Мәдени ынтымақтастықты дамыту бойынша Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының шекаралас аудандарымен тиімді жұмысты ұйымдастыруды үйлестіру;

         13) Облыстың шығармашылық өнерпаздары ұжымдарына «Халықтық» атағын беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

         14) Басқарма бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы  жұмысы орындалуын бақылау;

         15) Облыста мемлекеттік шығармашылық тапсырысыты жүзеге асыру, тапсырысқа қатысушы өнімберушілермен жұмысты қамтамасыз ету, олардан ақпараттық портал арқылы келіп түскен өтінімдерін қабылдау, талаптарға сәйкестігін тексеру, ата-аналардан түсіп жатқан өтінімдерді бақылау, өнімберушілерден ай сайын  есеп, электрондық табель  қабылдау, тексеру, талдау, мониторинг жүргізу;

         16) Ашық деректер ақпаратын Egov kz порталына енгізу;

         17) Мәдениет басқармасының веб-сайтына өткізілген шаралар туралы ақпараттар енгізу, Басшы тақтайшасын жүргізу;

         18) Әлеуметтік желіге келіп түскен сұрақтарға жауап беруді ұйымдастыру;

         19) Басқарма және мәдениет мекемелерінде өткізілетін шараларға пресс релиз әзірлеу;

         20)  Мәдениет саласының цифрландыру жұмысына басшылық ету;

         21)  Мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша шараларды жүргізу;

          22)  Экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары бойынша жұмыстарды үйлестіру;

          23) Сайлауалды бағдарламасын орындау аясында Жол картасының іс-шараларын жүзеге асыру.

 

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылым мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Мемлекеттік органның атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Дата публикации
12 декабря 2022