«БЕКІТІЛДІ»
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және
құжаттама басқармасы» ММ басшысының
бұйрығымен
2021 жылғы «___» __________ № ______
________________А.Юнисова
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ қаржы және жоспарлау бөлімі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау.
Жалпы ережелер
- Қаржы және жоспарлау бөлімі (бұдан әрі – Құрылымдық бөлімше) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
- Мақсаты:
1) Басқарманың жоспарлау, бюджеттік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жұмыстарын ұйымдастыру.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Өз құзыры мәселелері бойынша облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сәйкес бөлімдерімен өзара байланысты жүзеге асыру.
- Функциялары:
- Жоғары органдардың қаулы, өкім, шешімдерін және облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұйрықтарын орындауда бөлім жұмысына басшылық ету;
- Басқарма аппараты және басқармаға қарасты мекемелердің мемлекеттік сатып алуды қамтамасыз ету жұмыстарын бақылау;
- Басқарманың жұмысына қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуін қадағалау;
- Басқарманың және басқармаға қарасты мекемелердің теңгерімінде тұрған негізгі құралдар мен материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз ету;
- Ақтөбе агломерациясын, шағын және моноқалаларды дамыту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру, есеп берілуін бақылау;
- Жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалар (БИЖ), мониторинг жүргізу және орындалуы бойынша ақпарат берілуіне бақылау жасау;
- Мәдениет, архив нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құжаттар дайындау, мониторинг жүргізу және орындалуы бойынша ақпарат беру;
- Облыс мекемелері желісінің жағдайы және даму болашағына мониторингтік талдау, оларды сақтау, дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша қамтамасыз ету;
- Бюджет қаражатын жоспарлау және оның орындалуы жөніндегі басқарма басшылығына, уәкілетті органдарға, жоғары органдарға, облыс әкімі аппаратына ақпараттардың, есептердің уақытылы берілуін қамтамасыз ету;
- Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, басқарманың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде бюджеттік өтінімінің уақытылы әзірленіп, тапсырылуын қамтамасыз ету;
- Облыстың мәдениет мекемелерін, архивтерді сақтау, дамыту және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ұсыныс енгізуді, орындалуын қамтамасыз ету;
- Заңмен белгіленген шеңберде басқарма аппаратының және бағынысты облыстық мекемелер мен кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау және талдау жасау: бюджет қаражатының толығымен және мақсатты жұмсалуын қадағалау, штаттық кестелерін, дебиторлық және кредиторлық бережақтарын, ақылы қызмет көрсету бойынша жоспарларының орындалуын бақылау;
- Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің тоқсандық, жылдық есептерін қабылдап, басқарманың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған қаржылық есептілігін әзірлеу және тапсыру;
- Облыс бойынша саланың қаржы-экономикалық қызметі жөнінде жинақ ақпараттардың уақытылы дайындалуын қамтамасыз ету;
- Облыстық қазыналық кәсіпорындардың жылдық есептерін қабылдау, талдау, қорытынды еңгізу;
- Саланың қайта ұйымдастыру, жою, оңтайландыру сұрақтары бойынша барлық бөлімдер ұсыныстарды жинақтау;
- Басқармаға бағынысты құрылымдық мекемелер мен кәсіпорындар есепшілерімен бухгалтерлік есеп және салық кодексі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
- Ашық бюджет мәліметтерін Egov kz порталына енгізу;
- Басқарманың кадр саясатын жүзеге асыру, облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен (кадр қызметі) өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
- Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды қамтамасыз ету;
- Цифрландыру жұмысын жүзеге асыру;
- Басқарманың мемлекеттік қызметшілері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілге есеп беруді бақылау;
3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру
- Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
- Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
- Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылым мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
- Мемлекеттік органның атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.