«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ өнер және тарихи-мәдени мұраны дамыту бөлімі туралы ЕРЕЖЕ

      «БЕКІТІЛДІ»

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және

 құжаттама басқармасы» ММ басшысының

бұйрығымен

2021 жылғы  «___» __________ № ______

                                                                  ________________А.Юнисова 

 

     

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ өнер және тарихи-мәдени мұраны дамыту бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

  1. Өнер және тарихи-мәдени мұраны дамыту бөлімі (бұдан әрі –  Құрылымдық бөлімше) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

     

2-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаты:

         1) Мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, салаларында мемлекеттік саясатты іске асыру;

         2) Мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, салаларында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

 

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         1) мәдениет, тарихи-мәдени мұралар,архив ісі және құжаттама жүргізу нысандарын қорғау және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

         2) «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтержәне құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу;

         3) Өз құзыры мәселелері бойынша облыстық мәдениет,  архивтер және құжаттама басқармасының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сәйкес бөлімдерімен өзара байланысты жүзеге асыру.

         4) Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен және олардың лауазымды адамдарынан бөлім қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпарат пен материалдарды, сондай -ақ басқа ақпаратты сұрату және алу;

         5) Бөлімнің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

         6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Функциялары:

         1) Жоғары органдардың қаулы, өкім, шешімдерін және басқарманың

бұйрықтарын орындауда бөлім жұмысына басшылық ету;

         2) Сала бойынша  перспективалық жоспарды қалыптастыруға қатысу;

         3) Облыстық театрлар, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, облыстық, аудандық музейлер, тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығының, «Қобыланды» мемориалдық кешені, «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығы, облыстық Планетарий  жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ету;

         4) Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, пайдалану және бақылауды қамтамасыз ету;

         5) Облыс әкімдігі жанындағы музей-кітапхана ісі , театр-цирк өнері, музыкалық-концерттік қызмет жөніндегі өңірлік көркемдік кеңестер жұмысын ұйымдастырылуын қадағалау;

         6)  Үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру

         7)  Өкілетті органға және облыс әкімі аппаратына облыс өнер мекемелері мен бөлім жұмысының қызметі жөніндегі ақпараттар, жоспарлар, есептердің уақытында және сапалы тапсырылуын бақылау;

         8) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының жүзеге асырылуына бақылау жасау;

         9)  Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

         10)  Жетекшілік ететін облыстық мәдениет және өнер  мекемелерінің жағдайына талдау жүргізу;

         11) Көрмелер, кәсіби ұжымдардың гастрольдық концерттерін, семинарлар, акциялар, фестивальдар, байқаулар мен басқа да жұмыс түрлерінің ұйымдастырылуын және өткізілуін қадағалау;

         12) Облыс әкімдігі жанындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырылуын бақылау;

         13)  Іс-шаралар жоспарын құрылуын және оның орындалуын бақылау;

           14)  Тиесілі органдарға облыс аумағында концерт, театр, сурет шығармашылық жұмысымен келген шетел азаматтарының есебі берілуін бақылау;

         15) Әйелдер істері жөніндегі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі жұмысты үйлестіру;

         16) Облыстық мәдениет және өнер мекеме,кәсіпорындарын және олардың басшыларын аттестациядан өткізу жұмысын үйлестірілуін және ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыруды бақылау;

         17) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Қазақстанның киелі жерлер географиясы,  «Дәстүр мен ғұрып»  арнайы жобасы,  «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының  арнайы жобаларының орындалуын және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» базалық бағыты бойынша жұмысты үйлестірілуін бақылау;

         18) Басқарма жанындағы мәдени құндылықтарды сыртқа шығару бойынша эксперттік комиссия жұмысын үйлестіру;

         19) Республикалық деңгейде  өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндер Тізбесі туралы өкімін жүзеге асыруды бақылау;

         20) Ақтөбе облысының мәдениеті мен өнерін дамыту жолындағы ерен еңбектері үшін сала қызметкерлерін облыс әкімі жанындағы комиссияға мемлекеттік наградаға, басқада ведомствалық марапаттарға ұсынылуын  қадағалау;

         21) Мәдениет және архив саласында мемлекеттік рәміздерді насихаттау,  түзету мекемелерінде қамауда отырған тұлғаларды мәдени тәрбиелеу және бейімдеу, жыл сайын облыстың мәдениет, өнер және архивтер  мекеме,  кәсіпорындарының  жұмыс қорытындылары  және келер жылға қойылатын міндеттері бойынша  алқа жиын жұмыстарын үйлестіру;

         22) Елбасының қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жұмысын үйлестіру;

         23) Жетекшілік ететін  мекемелердің цифрландыру жұмысын жүзеге асыру жұмысына басшылық ету;

         24) Жобалық офис жұмысын жүргізу үшін  ақпарат ұсыну.

          25) Жақын-алыс шетелдермен мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмысты үйлестіру.

     

3-тарау. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Құрылымдық бөлімшенің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады.
  2. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.
  3. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Құрылымдық бөлімшенің басшысы мемлекеттік органның басшылығына құрылым мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Мемлекеттік органның атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.

 

 

 

 

Дата публикации
12 декабря 2022