«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы, 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысында орнатылған мемориалдық тақталар тізбесі бекітілсін.
- «Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияласын және осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.