Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру», көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беру.
Басқармаға бағынысты Ақтөбе облыстық мемлекеттік архиві, оның Шалқар, Қобда филиалдарымен және 10 аудандық мемлекеттік архивтермен 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»
2021 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша «Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру» бойынша «электронды үкімет» веб порталы арқылы 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік архивтермен көрсетілетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің 2021 жылғы қаңтар-қараша айларының қорытынды есебі бойынша– 9009 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 8222 (91%) – қызмет «электронды үкімет» веб порталы арқылы, 758 (8%) – мемлекеттік корпорация арқылы және «Е-Акимат» арқылы 29 (1%) көрсетілген.
Нәтижесінде 2021 жылдың 11 айы ішінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және мемлекеттік архивтермен барлығы 9027 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында басқармада, мемлекеттік архивтерде 24 іс-шара (семинарлар, дөңгелек үстелдер, БАҚ-та сұхбаттар мен мақалалар) өткізілді.