"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 20738 болып тіркелді.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы |
А. Раимкулова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі стандартта келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және/немесе құжаттардың қолданылу мерзімінен шыққан фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қараудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Комиссия құрамына ғылым және мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, шығармашылық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшылар, сәулетшілер кіреді.
Комиссия мүшелері тақ саннан тұрады, олардың қатарынан төраға және төрағаның орынбасары тағайындалады.
Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
Комиссия қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді, оның отырыстарының хаттамаларын дайындауды Комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Егер отырысқа Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссия шешімі заңды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері Стандарттың 9-тармағында көрсетілген.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы келіп түскен жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
|
|
"Мемориалдық тақталарды |
|
|
____________________________ |
|
|
Нысан |
Өтініш
________________________________________________________________________________
мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруіңізді сұраймын
________________________________________________________________________________
(атауы, сипаттама)
Орнату мақсаты: _________________________________________________________________
Орналасқан жері (мекенжай)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(туған күні, азаматтығы, паспорт немесе жеке куәлік номері,
________________________________________________________________________________
берілген уақыты, тұрғылықты жері, байланыс телефоны немесе заңды тұлғаның реквизиттері)
Қосымша: _____ бетте.
________________________________________________________________________________
(өтінішке "Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 8-тармағына сәйкес құжаттар қоса беріледі)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін
Өтініш берушінің қолы ________________ Мерзімі______________________________
Мөр қоятын орын (заңды тұлғалар үшін)
(бар болған жағдайда)
|
|
"Мемориалдық тақталарды |
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 07.12.2020 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
|
|||
|
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары |
|
|
|
2. |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1) қызмет берушінің кеңсесі; |
|
|
|
3. |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
30 (отыз) күнтізбелік күні |
|
|
|
4. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электронды (жартылай)/ қағаз түрінде |
|
|
|
5. |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
"Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларға (бұдан әрі - қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден дәлелді бас тарту |
|
|
|
6. |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
|
|
7. |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
|
|
8. |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
кеңсеге: |
|
|
|
9. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
|
|
|
10. |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
|
|
"Мемориалдық тақталарды |
|||
|
|
Нысан |
|||
Өтінішті қараудан бас тарту туралы қолхат
________________________________________________________________________________
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының атауы
мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден бас тартады, атап айтқанда:
1) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
2) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі);
3) (жоқ құжаттың түрі көрсетіледі).
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
|
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы |
Мөрге арналған орын |
Толтыру күні: " "__________ 20 __ жылы
|
|
"Мемориалдық тақталарды |
|
|
Нысан |
Мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беру
______ қаласы № _____ "___" _______ 20___ жылы
Өтініш беруші ___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтініш берушінің деректері:________________________________________________________
(азаматтығы, паспорттың немесе жеке куәліктің нөмірі,
________________________________________________________________________________
оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)
________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қызмет түрі______________________________________________________
Комиссия шешімі негізінде
________________________________________________________________________________
(облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары)
___________________________________ № ____ от "___" __________ 20____ жылы
орнатуға рұқсат етіледі
________________________________________________________________________________
(мемориалдық тақтаның атауы)
________________________________________________________________________________
мекен-жайы бойынша
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(орналасқан жеріні? мекен-жайы)
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
уәкілетті лауазымды тұлғасы
________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөрге арналған орын
___________________
(бар болған жағдайда)
Толтыру күні: " "__________ 20 __ жылы
|
|
"Мемориалдық тақталарды |
|
|
Нысан |
Мемориалдық тақтаны орнатуға рұқсат беруден дәлелді бас тарту
________________________________________________________________________________
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының
атауы мемориалдық тақта орнатуға рұқсат беруден бас тартады__________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
"Мемориалдық тақталар орнатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 9-тармағында көзделген бас тарту негіздемесі көрсетіледі.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
|
облыстың, жергілікті атқарушы органы Нұр-Сұлтан, Алматы |
Мөрге арналған орын |
Толтыру күні: " "__________ 20 __ жылы
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК