Облыста 13 мемлекеттік архив (1 облыстық, 12 аудандық) мекемесі жұмыс істейді.
Архив 1923 жылы құрылған. Облыстық архивтердегі жалпы қызметкерлер саны – 89, оның ішінде 50,5 архивист мамандары қызмет етеді.
Бүгінгі күнге облыстағы архивтер қорының көлемі 3200 қор 1033801 сақтау бірлігін құрайды.
Мемлекеттік архивтермен көрсетілетін «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі жыл сайын 10000 (он мыңнан) астам қызмет көрсетеді. Электрондық үкімет порталы арқылы сұраныстар 90%-ға жетті.
2017 жылдың қазан айынан бастап «Электронды архив» ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.