
Ақтөбе облысында 233 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасайды. С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы, 14 қалалық, 23 аудандық және 194 ауылдық кітапхана.
Облыс кітапханалары кітапхана пайдаланушыларына кітапханалық, ақпараттық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ кітапхана қорларын қалыптастыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Ақтөбе облысының мемлекеттік кітапханалар қоры 3753224 кітап бірлігін құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде 1426098. Облыс кітапханалары 114177 оқырманға қызмет көрсетті.
Оқу мәдениетін ілгерілету мақсатында жыл сайын: "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы, "Оқитын өлке" өлкетану акциясы, "Ақтөбе жыр құшағында" республикалық конкурсы, "Сағи оқулары", "Оқитын автобус", КІТАПХАНА ТҮНІ, "Ашық аспан астындағы жазғы кітапхана", "Тарих естелігі ұрпақтар сабақтастығы", «Кітаптан алған әсерім", "Деректі мұраны цифрлау" жобалары және т.б.
"Деректі мұраны цифрлау" жобасы аясында облыс кітапханаларындағы сирек кітаптар мен өлкетану басылымдары сандық форматқа көшірілуде. Бүгінгі таңда 1442 (259560 бет) кітап сандық форматқа көшірілді.