Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Театр және концерттік ұйымдар

       Ақтөбе облыстық филармониясы 1944 жылы құрылған. 1998 жылы оған қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері, КСРО халық артисі, композитор Ғазиза  Жұбанованың аты берілді.  Облыстық филармония дәстүрлі Республикалық және Халықаралық деңгейдегі  «Жібек жолы», «Жұбановтар әуені» және «Классика»  атты фестиваль-байқауларды өткізіп тұрады.

          Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы  2017 жылы    1200 орындық заманауи концерт залы бар , халықаралық  деңгейдегі мәдени шараларды өткізуге лайықталған  «Өнер орталығы» ғимаратына көшірілді.

       Филармонияда А.Жұбанов атындағы  қазақ  ұлт-аспаптар  оркестрі, «Арайлы  Ақтөбе» фольклорлық ансамблі, «Достық сазы» фольклорлық ансамблі, Камералық оркестр, Қазақ  камералық хоры, «Аққу»  би ансамблі, Классикалық  музыка ансамблі, «Саз»  балалар студиясы, «Құрмет»  орденінің иесі  Б.Оралұлы атындағы шығармашылық орталығы, «Екі езу» сатира театры шығармашылық ұжымдары қызмет атқарып, облыстың мәдениеті мен өнерін халықаралық, республикалық деңгейлерде танытып келеді.  Қазіргі таңда «Өнер Орталығы Ақтөбе» атауымен фейсбук парақшасы, www.aktobe-filarmonia.kz сайты, @oner_ortalygy_aktobe инстаграм парақшасы және де You Tube каналы бар.

           Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театры 1935 жылы Ақтөбе қаласында халық комиссары Темірбек Жүргеновтің ұсынысымен ашылды. 1936 жылдан 1941 жылға дейін театрдың бірінші режиссері Гүлшат Омарованың жетекшілігімен "Еңлік – Кебек", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", "Амангелді", "Қыз Жібек", "Исатай − Махамбет" сияқты өзге де қазақ классиктердің шығармалары сахна төріне жол тартты. 1997 жылы театрға жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың есімі берілді.

         Қазіргі таңда театрда 2 театрлық ұжым жұмыс жасайды: қазақ труппасы, орыс труппасы.  Жыл  сайын  театр 60 мыңнан астам көрерменді қамтып, театрдың репертуары 10-ға жуық  жаңа қойылыммен  толықтырылып отыр. Театр ұжымының шығармашылық жетістіктері әр түрлі режиссерлік  және актерлік  салада марапатталып келеді. Жыл басында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Көшкін» жаңа қойылымдары сахналанып, аншлагпен өткізілді.

    Ақтөбе облыстық қуыршақ театры  Қазақ ССР-і  Министрлер советінің  14.05.1985 ж №164 қаулысы мен Ақтөбе облыстық атқару комитетінің 11.09.1985ж. №406 шешімі негізінде 1985 жылы  ашылды.

           35 жылға  жуық  ішінде 75-тен астам спектакльдермен қоржын толтырып, бір жарым милионға жуық көрермендердің көңілінен шықты. Қазақ халқының ертегісі «Ұр, тоқпақ!», С.Қалиевтің «Қоянның қулығы», т.б. төл драматургиямен шектелмей  өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахналады.  Әлемдік классикалық   әдебиет үлгілерінен ағылшын ертегісі желісімен И.Готкина  «Приключения доктора Дулитла», әлемге  әйгілі дат ертегішісі  Г.Х.  Андерсеннің   ертегісі бойынша   «Ұсқынсыз үйрек»,  сонымен қатар халық аңызы желісімен «Бәрекелді, Алдар!», В.Гауф «Карлик Мук»  т.б.   қойылымдары екі тілде (қазақ, орыс) театр репертуарында тұрақты қойылады.

        «Алақай»  «Ассалаумағалейкүм!»  Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі, “Қуыршақтар керуені” Халықаралық  гастрольдік сапарларын ұйымдастырып, өңіраралық және мемлекетаралық шығармашылық байланысты дамытып келеді.

           Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы 1960 жылғы 31 желтоқсанда құрылды. Облыста 196 мәдени-демалыс мекемелері: 12 аудандық, 8 қалалық мәдениет Үйлері және 1қалалық клуб, 38 ауылдық мәдениет Үйлері,133 ауылдық клубтар, жекеменшікке қарасты 4 мәдени-демалыс мекемелері жұмыс жасайды.

        Орталық өңірдегі мәдени-демалыс мекемелерінің және олардың жанындағы 156 «ха­лық­тық» және «үлгілі» атақтары бар ұжымдардың қызметіне әдістемелік-тәжірибелік бағыт-бағдар бе­ріп, үйлестіру, халықтық өнерді сақтау, насихаттау, тарату мақсатында жұмыс жасайды.Осы орайда өткізілген фестивальдер, байқаулар, акциялар, концерттер, кештер,  т.б. мәдени шаралар саны 21767,    оларға  қамтылғандар саны 3640240. Клубтық құрылымдар (шығармашылық ұжымдар, үйірмелер, бірлестіктер т.б.) саны 1125. Оларға қатысушылар саны 11516.

 

 

 

      

 

Документы
Шешім
11 декабря 2023
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
"Атестаттау" шешімі қабылданды
Ақпарат
30 ноября 2023
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
2023 жылға арналған өңірдің мәдениет, өнер саласы бойынша АҚПАРАТ
Ақпарат
17 марта 2023
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты облыстық музей мекемелері мен кәсіпорындары 2022-2023 жылдары аттестациядан өткізілді.
Новости
Полезные материалы
Театр және концерттік ұйымдар
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
«Ақтөбе облыстық халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы