GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.

Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті.

Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?

Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.

Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?

Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз; Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз; Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.

www.enpf.kz сайты → Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».

21 октября 2026
eGov.kz арқылы жер учаскесіне құқықтар алуға болады

«Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметті онлайн алу

 

  1. eGov.kz порталына кіріп, өзіңіздің ЭЦП (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүйеге кіріңіз
  2. Мәзірден «Жылжымайтын мүлік» - «Жер қатынастары» бөліміне өтіңіз
  3. «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» қызметін тауып, «Қызметті онлайнға тапсырыс беру» батырмасын басыңыз
  4. Автоматты түрде БЖКЖ интерактивті картасына бағытталған кейін Сізге келесі әрекеттерді орындау қажет:
  • Жердің мақсатын (мысалы: бизнес немесе ТҮҚ — тұрғын үй құрылысы) және құқық түрін (меншік немесе уақытша өтеулі жер пайдалану/жалдау) көрсетіңіз
  • Өзіңізге қажетті қаланы және бос тұрған (басқа шекаралармен белгіленбеген) жер аумағын табыңыз
  • Картадағы арнайы графикалық құралдың (конструктор) көмегімен өзіңіз қалаған жер телімінің контурын (шекарасын) өз бетіңізше сызып шығыңыз
  • Схема дайын болғаннан кейін, сұранысты өзіңіздің ЭЦП-ңызбен бекітіп, мемлекеттік органға жолдаңыз
  1. Берілген өтініш мәртебесін "Қызметтерді алу тарихы" тарауынан қадағалауға болады
21 октября 2026
Мәслихаттар

Қызмет бағыты

19 октября 2026
Құтқарушылар күні құтты болсын!

Ерлік, кәсібилік және көмекке келуге дайын болу - құтқарушылардың басты қасиеттері.

Барша құтқарушыға зор денсаулық, амандық, қауіпсіз кезекшілік және әрбір шақыртудан аман-есен оралуды тілейміз!

16 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

16 октября 2026
Іздестіру жұмыстарына рұқсатты қалай алуға болады

Мемлекеттік қызметтің атауы: «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру»

 

  1. "Электрондық лицензиялау" порталын ашыңыз.
  2. Жүйеге кіріңіз немесе "электрондық лицензиялау" порталында тіркеліңіз.
  3. Қызмет паспортында құжаттар топтамасымен танысып "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басыңыз немесе қажетті қызметтің кіші түрін таңдап "Әрі қарай" батырмасын басыңыз.
  4. Қажетті мәліметтерді көрсетіп, өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.

Берілген өтініш мәртебесін "Менің өтініштерім" тарауынан қадағалауға болады. Рұқсатты алу туралы "Менің рұқсат құжаттарым"  тарауынан, хабарлама алу туралы - "Менің хабарламаларым" тарауынан біле аласыз.​

15 октября 2026
Шығуға тыйым салынғанын тексеріңіз

Шетелге шығуды жоспарлап жүрсіз бе? Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын алдын ала тексеріңіз.
eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мұны бірнеше минут ішінде онлайн тексеруге болады.
 Қызмет арқылы борышкерлердің елден шығуына уақытша шектеу қойылғандар тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша тексеруге болады.
 eGov Mobile мобильді қосымшасында қызмет басты бетте қолжетімді.
- «Шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеру» қызметін таңдаңыз;
- қажетті мәліметтерді енгізіңіз;
- «Тексеру» батырмасын басыңыз.

15 октября 2026
Соттылықтың болмауы жайында анықтаманы қалай алуға болады

Соттылықтың болмауы жайында анықтаманы қалай алуға болады

Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алу - eGov mobile және eGov.kz-тағы танымал қызметтердің бірі.
 Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама виза алу, тұру ықтияратын алу және жұмысқа тұру кезінде сұралатын анықтама түріне жатады. Анықтаманы eGov.kz порталынан немесе eGov mobile қосымшасынан алуға болады.
 Соттылықтың болмауы жайында анықтаманы eGov.kz порталы арқылы қалай алуға болады?
• Порталда авторизациядан өтіп, «Азаматтарға/Бизнеске» бөлімінде «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу» бөліміне өтіңіз
• «Жұмысқа орналастыру және жұмысты іздеу» бөлімінде «Соттылықтың болмауы туралы анықтама» қызметін таңдаңыз
• Қажетті жолдарды толтырып, қызметке қол қойыңыз
• Өтінім нәтижесі Жеке кабинетте көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.
 eGov Mobile арқылы өтінім беру нұсқаулығымен сіз пост каруселінде таныса аласыз.
 МАҢЫЗДЫ: «Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін әрбір құжат үшін мемлекеттік баж салығы алынады. Мемлекеттік баж сәтті төленгеннен кейін мемлекеттік қызметті алу жөніндегі өтінімге қол қою қажет. Төлем жасалғаннан кейін қол қойылмаған өтінімдер қарауға қабылданбайды.

15 октября 2026
Зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы қалай алуға болады
 

Зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы қалай  алуға болады

eGov.kz порталында және eGov mobile қосымшасында зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы жылдам әрі ыңғайлы түрде алуға болады.
eGov mobile қосымшасында анықтама алу үшін:
- eGov mobile қосымшасында авторизациядан өтіңіз;
- Басты бетте «Мемлекеттік қызметтер» → «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» → «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру(инвестициялық кірістерін ескере отырып)» бөлімін таңдаңыз;
- Қажетті жолдарды толтырыңыз
- Тексеруге сұрау салуға қол қойыңыз.

 
15 октября 2026
Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының (ҚР ҰКО) жеке кабинетінде пайдаланушылардың есептік жазбаларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында екі факторлы аутентификация енгізілді.
Енді авторизация кезінде электрондық цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) және құпиясөзден бөлек, SMS арқылы жіберілетін бір реттік код немесе eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Жеке куәлік» цифрлық құжатынан алынатын код арқылы қосымша растаудан өту қажет.
Бұл механизм Мобильді азаматтар базасында телефон нөмірі тіркелмегендіктен Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын тұлғаларға қолданылмайды.
Қосымша тексеру кезеңі пайдаланушылардың есептік жазбаларын қорғауға және дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алуға бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы