Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің 2024 жылғы 5 ақпандағы №22ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің 2024 жылғы 5 ақпандағы

№22ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 баптарына сәйкес:

1.Аудан әкімі орынбасары  (А.Б.Жанбиров) арасындағы міндеттерді бөлу қосымшаға сәйкес бекітілсін.

  1. «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ мемлекеттік қызметшілерінің (Ғ.С.Қобландин), (Б.С.Айдосов), (А.Б.Жанбиров) лауазымдық нұсқаулықтарына өзгерістер енгізілсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.

 

 

Ақтөбе қаласы

«Алматы» ауданының әкімі                                                                    А.Шуиншалиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы ауданы әкімдігінің

2024_ж. «__» _______

    № _____өкіміне

ҚОСЫМША

 

 

Аудан әкімі орынбасарлары және аппарат басшысының

арасындағы міндеттерді бөлу туралы

 

Аудан әкімінің орынбасары – А.Б.Жанбиров

Мәселелер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету;

2.Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс, қала және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  1. Қаланың коммуналдық меншігін қалыптастыруға, сондай-ақ оны ұстау және қорғау жөнінде іс-шараларды өткізуге қатысу;
  2. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал ету;
  3. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  4. Сәулет және аудан құрылысы және бау-бақша ұжымы бойынша туындаған сұрақтарды қадағалау;
  5. Аудан аумағындағы тұрғын үй алаптары мен көшелерге қоқыс алаңдары мен қоқыс жәшіктері орнату жұмыстарын қадағалау;
  6. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асырау үшін көпқабатты тұрғын үйлердің МИБ және кондоминиумдармен үнемі өзара жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу;
  7. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарумен айналысатын мердігер мекемелердің жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін бақылау және қадағалау;
  8. «Халық қатысатын бюджет» аясында тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жобаға қатысуды ұйымдастыру;
  9. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;
  10. Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру;
  11. Төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау, авариялық-құтқару, шұғыл жұмыстар жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру;
  12. Қысқы, жазғы мезгілдерде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелердің жұмыстарын ұйымдастыру және қадағалау;
  13. Бау-бақша ұжымы бойынша туындаған сұрақтармен жұмыс жасау;
  14. Жобалық - сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  15. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
  16. Тұрғын үй қоры (көпқабатты тұрғын үйлер мен авариялық жағдайдағы үйлер) және тұрғын-үй коммуналдық саласында обьектілердің нормативті қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасау;
  17. Мемлекеттік бағдарламалар аясында салынған көп қабатты көп пәтерлі үйлердің қолданысқа берілу бағытындағы жұмыстарды бақылау;
  18. Аудан аумағында орналасқан апаттық және тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлерді анықтау және тізімін жасақтау;
  19. Өз құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды және жетекшілік ететін сұрақтары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және іске асыруын қадағалау;
  20. Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты бюджеттік жоспарға сәйкес, бюджеттік сұраныстарды, ақпараттарды дайындауды ұйымдастыру;

23.Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласындағы мердігер мекемелердің  орындалған жұмыстарына қатысты актілерін қабылдау,

  1. Коммуналдық салаға қатысты тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша сотқа қатысуын ұйымдастыру;
  2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау.

Қызметін үйлестіру:

  1. Алматы ауданы әкімі аппарытының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі

 

Басшылық жасау:

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мәселелерін талдау және үйлестіру;

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Аудан әкімінің орынбасары – Ғ.С.Қобландин

Мәселелер:

          1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету;

         2.Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс, қала және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  1. Кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу;
  2. Алқаби кандидаттарының алдын ала бастапқы тізімін жасауды ұйымдастыру;
  3. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;
  4. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын үйлестіру;
  5. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
  6. Күміс алқа, алтын алқа иегерлерінің құжаттарын дайындауын ұйымдастыру;
  7. Табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті,жалғыз тұратын қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
  8. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсету;
  9. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастыру;
  10. Жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру;
  11. Ішкі саясат саласында  мониторинг және талдау жасау;
  12. Салауатты өмір салтын ұстану, мемлекеттік саясатты іске асыру және спорттық шараларды ұйымдастыру;
  13. Аудан аумағында сайланған Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаттарымен қарым-қатынас орнату;
  14. Мекемедегі мемлекеттік тілдің қолдануын қадағалау, аудан аумағында мемлекеттік гендерлік саясатты жүзеге асыру, тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  15. Қаладағы аудан, аудандық аңызы бар қаланың, кент,ауыл,ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша бюджеттік бағдарламаға басшылық ету;
  16. Қоғамдық саяси сала мәселелері бойынша ҚР заңнамасын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру, сайлау жұмыстары, қаладағы қоғамдық-саяси жағдайға мониторинг, талдау және болжам жасау, ұсыныстар әзірлеу және қоғамдық-саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизмді насихаттау және оған тәрбиелеу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  17. Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, БАҚ-мен, қоғамдастық мүшелерімен өзара байланыс;
  18. Жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады;
  19. Жаңадан берілген көше атаулары мен үй нөмірлеріне аншлаг ілу жұмыстарын ұйымдастыру;
  20. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;

 

Қызметін үйлестіру:

  1. Алматы ауданы әкімі аппарытының әлеуметтік сала бөлімі;

 

Басшылық жасау:

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мәселелерін талдау және үйлестіру;

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

Аудан әкімінің орынбасары – Б.С.Айдосов

Мәселелер:

          1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету;

         2.Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс, қала және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

  1. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету;
  2. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар енгізу, аудандағы кәсіпкерліктің дамуына мониторинг жүргізу;
  3. Ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
  4. Шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал ету;
  5. Үдемелі индустриялды - инновациялық дамытуда мемлекеттік бағдарлама бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;
  6. Сауда желілері мен азық-түлік сауда орындарындағы әлеуметтік маңызды азық түліктердің бағасына мониторинг жүргізу;
  7. Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу;
  8. Ауыл шаруашылық құрылымдарымен өзара қарым-қатынаста жұмыс істеуін ұйымдастыру;

         11.Ветеринариялық басқарма және оның ведомствааралық ұйымдарымен иесіз жануарларды анықтау мен айып тұрағына орналастыру, қаңғыбас ит пен мысықтарды аулау мәселесін үйлестіру;

  1. Жерді пайдалану мәселелеріне қатысты сұрақтарды, өтініш, арыздарды қарауды бақылау;
  2. Балалар, спорт алаңдары мен саябақтарға берілген жер телімдерін аудан әкімдігінің теңгеріміне рәсімдеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;
  3. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының мониторингін жүргізу;
  4. Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қызығушылық танытқан тұлғаларға іс-шараларын жүзеге асыруға ықпал ету;
  5. Аудан әкімінің бюджеттік бағдарламаларына басшылық ету;
  6. Кәсіпкерліктің дамуындағы салалық бағдарламалардың аймақтық, мемлекеттік жүзеге асырылуына қатысты ақпаратты түсіндіру;
  7. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметтеріне әдістемелік және ақпараттандыру олардың қызметін ұйымдастыру бойынша ықпал ету;
  8. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;

 

Қызметін үйлестіру:

  1. Алматы ауданы әкімі аппарытының кәсіпкерлікті дамыту және ауыл шаруашылығы бөлімі.

 

Басшылық жасау:

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мәселелерін талдау және үйлестіру;

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

Аудан әкімі аппаратының басшысы – Д.А.Букеев

Мәселелер:

1.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету;

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс, қала және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  2. Аудан әкімінің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, қызмет құжаттарын, хаттар мен өтініштерді қарастыру, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, құпия құжаттамамен жұмыс істеу, мемлекеттік және орыс тілдерінде іс жүргізудің жетілдірілуін қамтамасыз ету;
  3. Аудан әкімінің қатысуымен өткізілетін шараларды ұйымдастыру және ақпараттық қамтамасыз ету, аудан әкімінің күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарына, интернет-ресурстарының біріңғай порталы, ресми әлеуметтік желіні ақпаратпен жария ету, толықтыруды және олармен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру;
  4. Аудан әкімі аппаратының паспорты, тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын құруға қатысу, аудан әкімі аппаратына ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша анықтамалық - ақпараттық материалдар дайындауын қадағалау;
  5. Аудан әкімі аппараты бөлімдерінің жұмыстары туралы және аудан аумағындағы өзекті мәселелері бойынша талдау және болжам жасау;
  6. Аудан әкімінің жылдық есептік кездесулерін ұйымдастыру және қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қадағалау;
  7. Жеке және заңды тұлғалар шағымдарын есепке алу, тіркеу және «Е-өтініш» ақпараттық электронды жүйеге енгізу, белгіленген мерзімде уақытылы орындалуын бақылау;
  8. Аудан әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру, оқытуды, тәжірибеден өтуді ұйымдастыру, еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын сақталуын қадағалау;
  9. Бухгалтерлік есепті және есеп беруді бюджеттік топтау арқылы жүргізу, бақылау, бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануға мониторинг және талдау жүргізу;
  10. Аудан әкімі аппаратының қаржы - шаруашылық қызметінің есептелуі мен есеп беруін жүзеге асыру, қаржылық есеп бойынша ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
  11. Мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттарды дайындау, тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң талаптарына сәйкестігін қадағалау, келісім шарттар дайындау, келісімдік қатынастарды реттеу;
  12. Уәкілетті органдарға есептер және жедел түрдегі мәліметтерді уақытылы дайындауды, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жылдық жоспарын қалыптастыруды, қаржыландырудың бекітілген және анықталған жоспары бойынша бюджеттік жоспар дайындауды, мемлекеттік мүлікті, тауар - материалдық құндылықтарды есепке алуды, бюджеттік сұраныс (ақпарат) дайындауды бақылау;
  13. Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына ықпал ету;
  14. Өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  15. Мемлекттік мекеменің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;
  16. Ақпараттық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды үйлестіру;
  17. Аудан әкімінің актілері жобасын дайындау және ұйымдастыру; жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалуын ұйымдастыру;
  18. Әкімшілік ғимарат пен көлікке қызмет көрсетуін, теңгеріміндегі ғимараттарды бақылау және ұйымдастыру;
  19. Аудан әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық ету;
  20.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау;

 

Қызметін үйлестіру:

  1. Алматы ауданы әкімі аппарытының ұйымдастыру – бақылау бөлімі;
  2. Алматы ауданы әкімі аппарытының әкімшілік – қаржы бөлімі.

 

Басшылық жасау:

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мәселелерін талдау және үйлестіру;

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

 

 

Аудан әкімі мен оның орынбасарларының келесідей

өзара ауыстырмалылығы бекітіледі:

 

                                    А.С.Шуиншалиев   -  Ғ.С.Қобландин

                                    Ғ.С.Қобландин        -   А.C.Айдосов  

                                    А.Б.Жанбиров        -   А.С.Айдосов

                                    А.С.Айдосов            -    Ғ.С.Қобландин

 

 

                                          Таныстық:

           _________________ А.Б.Жанбиров

______________Ғ.С.Қобландин

_________________А.С.Айдосов

__________________Д.А.Букеев

 

Дата публикации
16 июня 2025