Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 «Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575

«Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.

Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» 2020 жылғы 12 тамыздағы № 575 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7322 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы»;

3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.»;

3-қосымша тиісінше 4-қосымша болып есептелсін;

көрсетілген шешімге 1, 2-қосымшалар осы шешімге 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

 

А. Даржанова

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 13.10.2022

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 30138 болып енгізілді

Результаты согласования

Маслихат города Актобе - Руководитель аппарата Бибарыс Қазыбекұлы Достан, 11.10.2022 20:13:34, положительный результат проверки ЭЦП

Маслихат города Актобе - Секретарь маслихата города Актобе Анар Нурлыбековна Даржанова, 11.10.2022 20:16:45, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
31 октября 2022