Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы

«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық

                                                    АНЫҚТАМА

 

Ақтөбе қаласы 

«Алматы» ауданы                                                                                    7 желтоқсан 2021 жыл

 

Аудан әкімінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы  №218 өкіміне сәйкес «Ақтөбе қаласының «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бөлімдегі ішкі талдау 2021 жылдың 1 маусымнан-               7 желтоқсанға дейін жұмыс кезеңін қамтиды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №2 бұйрығымен бекітілген ережелеріне сай келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімнің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2.Бөлімінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бөлім өз қызметінде:

  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі» туралы Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет кодексі»
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсанындағы №434 V «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңы;
  1. Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ штат саны  – 27 бірлік (15 қазанға дейін). 2021 жылдың 15 қазаннан бастап штат саны      - 23 бірлік. (Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 15 қазанындағы №5763 қаулысына сәйкес). 

        Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚР Заңының 14-бабына сәйкес бөлім қызметкерлерінің арасында жақын туыстық қатынастары анықталған жоқ.

Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты ММ 2021 жылдың 1 маусымнан - 7 желтоқсан айы аралығында негізгі қызметкердің бала күтіміне және оқу демалысы кезіне байланысты – 2,  басқа мемлекеттік лауазымға орналасуына байланысты – 2, өз еркімен - 1, лауазымының қысқартылуына байланысты - 1 мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылды. Жұмысқа қабылданған – 1 қызметкер, бала күтіміне байланысты - 2 қызметкер жұмысқа кірісті. Штат санының лимиттерін оңтайландыру бойынша - 10 мемлекеттік қызметшілер қайта тағайындалды.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу

Бөлімде  Қазақстан  Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 –V ҚР Заңының            15-бабына сәйкес мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

 

3) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету және рұқсат беру функцияларын атқармайды.

 

4) Бұқаралық ақпарат құралдарында теріс жариялымдар жоқ.

5) «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

125 жеке тұлғалардан;

5 заңды тұлғалардан;

Әкімнің жеке қабылдауында 30 азамат қабылданды.

6) Прокурорлық қадағалау актілері мен сот актілері нәтижесі:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                          35, 37 баптарына,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы          29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларына және Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы прокуратурасының 2021 жылғы 7 қыркүйектегі №2-03-21-03205 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің 5 тармағы 14 тармақшасының талаптарын сақтамағаны үшін «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Досымбет Нұрсұлтан Аманғалиұлына ескерту берілді.

Қорытынды

        «Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерінде, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама akimat@aktobe.gov.kz (Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппараты ММ ) интернет-сайтқа орналасты.

 

Дата публикации
07 декабря 2021