
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығын, мал шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; шаруа, фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар енгізу; аудандағы кәсіпкерліктің дамуына мониторинг, жоспарлау, анализ жүргізу, соның ішінде жастар және әйел кәсіпкерлігін дамыту; үдемелі индустриялды- инновациялық дамытуда мемлекеттік бағдарлама бойынша инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылауды жүргізу; инвестицияны қажет ететін, инвестициялық жобалардың төлқұжатын дайындауды ұйымдастыру және кәсіпорындар тізілімін жүргізу; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға ықпал ету;