Алға қаласының Мәдениет үйінде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті

Алға қаласының Мәдениет үйінде жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні жаз мезгіліндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында қылмысқа жол бермеу, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жалпы ата-аналар мен жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен жиналыс өтті.
Ата-аналар және оқушылар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Б.Кангужин ата-аналар және оқушылар мен ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, аудан көлемінде орын алып отырған келеңсіз жағдайлар туралы айтып өтті.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.Саймағамбетов облыс және аудан аумағында орын алған қылмыс түрлерімен таныстырды. Кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстар үшін жауапкершілік туралы баяндады.

Жастар ресурстық орталығының басшысы Т.Мирманов «Жасыл ел» бағдарламасының талаптарымен таныстырды.

 Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Мырзагалиева түлектерге сәт сапар тілей отырып, ата-аналардан және оқушылардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау туралы ұсынысы білдірді.