Аудан әкімі Н.Ержановтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Н.Ержановтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

ҚҰРМЕТТІ АЛҒАЛЫҚТАР!

​Баршаңызды наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Әз-Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, қазақ даласына шуағын шашып келгенде бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіп, ерекше күйге енеді.

​Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Тамыры тереңге кеткен әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Ұлы даланың биік рухымен, тәңірге сиынған тәккәппар мінезінен басталатын Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің көрінісі, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәстүріміздің, тіліміз бен діліміздің өзегі.

​Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Наурыз – ұлтына, дініне қарамастан, барша жұртты ұйыстыратын жалпыұлттық мейрам. Бұл мереке халқымызды береке-бірлік пен ортақ мүддеге жұмылдырады. Біздің халқымыз қай уақыттада бір-біріне қол ұшын созып, қолдау көрсетуге дайын» деген сөзі Наурыздың қадір, қасиетін айшықтай түседі.

​Наурыз – жыл басы ғана емес, бұл ең алдымен ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Наурыз – рухани тазару мен үйлесімнің, бейбітшілік пен берекенің символы.
​
Қадірлі жерлестер!

​Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Еліміздегі тұрақтылық тұғыры бекемделіп, бақ-берекеміз арта берсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!