
Алға ауданындағы Болкарка ауылы ынтымағы жарасқан мекен. Мұнда орыс, украин, неміс, молдаван, татар ұлты көп жылдан бері бірге тұрып, достықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ауылға осыдан 100 жыл бұрын болгарлар да қоныс аударған. Олар қиналғанда қол ұшын созып, пана көрсеткен қазақ еліне разы.