Аудан әкімі Қарабұлақ және Құмсай ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Қарабұлақ және Құмсай ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Қарабұлақ ауылдық округінде Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті. Шараға аудандық бөлім басшылары мен мекеме өкілдері қатысты.

Жиын барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Асланбек Шүйіншәлиев өз сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын дамыту және тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Өз кезегінде ауылдық округ әкімі жергілікті деңгейде атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, ауылдың әлеуметтік және экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтті.

Кездесу барысында тұрғындар Алға – Қарабұлақ тас жолының ағымдағы жөндеуін жүргізу, дәрігер тапшылығын шешу және ауылды абаттандыру мәселелерін көтерді.

Тұрғындармен кездесу Құмсай ауылында жалғасын тапты. Бұл елді мекенде тұрғындар мал қамауға арналған раскол салу және қыс мезгілінде жол қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.