
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Халық алғысы" медалімен пандемия кезінде коронавирустық инфекциямен күресте аянбай еңбек еткен медицина қызметкерлерін марапатталды. "ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" медалін аудан әкімі Аққағазов Мамырғали Досқұлұлы алғы сөзін білдіріп, марапат иесі аудандық аурухананың инфекционист дәрігері Король Наталья Юрьевнаға табыстады. Алдағы уақытта медицина қызметкерлері өздеріне жүктелген сенім мен қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруға бар күш - жігерлерін жұмсайды.