2022 жылғы 31 шілдеде Алға ауданының Қарағаш ауылдық округінің әкімін сайлау бір сайлау округі бойынша өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Алға ауданының Қарағаш ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Алға аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:
Қарағаш сайлау округі
Қарағаш ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 813 азамат енгізілді, олардың 625-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 15, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ботаханов – 18; Дубаев А.Ж. – 37; Жұбаев А.Ш. – 551.
Жұбаев Абылай Шамшеддинұлы -1990 ж.т., Болгар мектеп-бақшасының директоры, Самбай ауылының тұрғыны, қазақ, өзін-өзі ұсынған, Қарағаш ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Алға аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 01 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 31 шілдеде сайланған Алға ауданының Қарағаш ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Алға аудандық сайлау комиссиясы