Аз қамтылған және көп балалы отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бөлінген қаражат 164188,0 мың тг. құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша құрамында 1210 адамы бар 229 отбасына 47636,4 мың тг. атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Кепілдірілген әлеуметтік пакеттерге 67281,0 мың тг. қаражат бөлінді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардан 41 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды: 5 адам әлеуметтік жұмыс орына, 13 адам ақылы қоғамдық жұмысына жіберілді, 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды және 1 адам қайта даярлау курсына жолданды.