Аудандық мәслихатының 26.09.2017жылғы «Алға ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 116 шешімі бойынша, тұрғын үй көмегі Алға ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына тағайындалады. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 16 қазандағы № 539 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы алуға құқылы. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлеуді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
2022 жылға тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жергілікті бюджет есебінен 3837,0 мың тг. қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 47 отбасы 120 адамға 581,2 мың тг. тұрғын үй көмегі тағайындалып төленді