2023-2025 жылдарға арналған Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылдық округі бюджет жобасы budget.egov.kz интернет порталында жарияланған. Жарияланған уақыты 13.05.2022ж, талқылау мерзімі 27.05.2022жылға дейін.
Бұл жобада 124001000 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бағдарламасы бойынша 2023 жылға -42936,1 мың теңге, 2024 жылға – 41113,0 мың теңге;
124008015 -«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 2023 жылға -5007,0 мың теңге, 2024 жылға – 3064,0 мың теңге;
124009015 - «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2023 жылға – 3410,0 мың теңге, 2024 жылға – 2123,0 мың теңге көлемінде жоспарланды.
124011015 - «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 2023 жылға – 39963,0 мың теңге, 2024 жылға – 4005,0 мың теңге көлемінде жоспарланды.
124013015 - «Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2023 жылға – 2500,0 мың теңге, 2024 жылға – 2000,0 мың теңге көлемінде жоспарланды.