Сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, бүгін жергілікті уақытпен сағат 18.00-де ауданымызда Сарықобда ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу аяқталды.
Сайлау науқаны басталғаннан бері 5 адам ұсынылды, 1 кандидат қойылған қолдардың анықтығын тексеру рәсімінен өтпей қалды, 1 кандидат жеке өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.
Ағымдағы жылғы 04 мамырдағы жағдай бойынша, 3 кандидат тіркелді, оның ішінде 1 адам – «Ауыл» ХДСП-ң өкілі, 2 адам өзін-өзі ұсынушылар.
Бір округке орташа бәсекелестік 3 адамнан.
Кандидаттардың орташа жасы 40, ең жасы 28-де, жасы үлкені 54-те.
Алға ауданындағы Сарықобда ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың тізімі