Алға аудандық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ
Алға ауданының Сарықобда ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Алға аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алға ауданының Сарықобда ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 15 мамырға тағайындалсын.
- Ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 16 сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 29 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 04 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Алға аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жариялансын.
Алға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұрмағамбетова
Алға аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ағниязова
Алға қаласы, 2022 жылғы 15 сәуір, № 12