Алға аудандық сайлау комиссиясының қаулысы
Алға ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөнінде сайлау округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Алға аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қарағаш сайлау округі - Қарағаш ауылдық округі аумағының шекараларында;
2) Тамды сайлау округі - Тамды ауылдық округі аумағының шекараларында.
Алға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұрмағамбетова
Алға аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ағниязова
Алға қаласы, 2022 жылғы 11 ақпан, № 02