Алға аудандық сайлау комиссиясының қаулысы
Алға ауданының ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2022 жылдың 13 наурызына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Алға аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алға ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 13 наурызға тағайындалсын:
- Қарағаш ауылдық округі әкімінің;
- Тамды ауылдық округі әкімінің.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 12 ақпаннан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 25 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 02 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Алға аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінде жариялансын.
Алға аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Нұрмағамбетова
Алға аудандық сайлау комиссиясының хатшысы М.Ағниязова
Алға қаласы, 2022 жылғы 11 ақпан, № 01