Алға ауданында 2022 жылдың 1 ақпаны мен 4 ақпаны аралығында аумақтық сайлау комиссиясы Дүниежүзілік сайлау күніне арналған болашақ және жас сайлаушы апталығын өткізді.
2022 жылғы 2 ақпанда аумақтық сайлау комиссиясында «Ашық есік күні» өтті. Осы күні No4 Алға орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен «Еліміздің болашағы жастарда» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, жиналғандар Қазақстан Республикасының сайлау жүйесімен, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметімен таныстырылды. Жас мемлекеттік қызметшілермен «Ауылдық округ әкімін сайлау» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аудан мектептерінде учаскелік сайлау комиссиялары, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің қатысуымен «Сенің сайлау құқығың», «Сайлау және сайлану конституциялық құқығың» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Жоғары сынып оқушылары арасында «Сайлау қатысу әрқайсымыздың ісіміз» атты сайлау тақырыбына шығармашылық байқауы өтті.
Жұмысшы жастар «Мен болашақ үміткермін» тақырыбында эссе жазуға қатысты.
Жас депутат Т.Мирманов жастар ресурстық орталығының базасында сайлау заңнамасын білу бойынша пікірсайыс өткізді.
Қ.Жұбанов университетінің базасында облыстық сайлау комиссиясы ұйымдастырған дөңгелек үстелге аудандық сайлау комиссиясының төрайымы А.Нұрмағамбетова қатысты.